Жақында отандық туризмдегі үздік ондықтың таныстырылымы болады

972

Қазанда туристік инвестициялық форумда халықаралық инвесторларға еліміздің туризмдегі мүмкіндіктері туралы айтылады.

Жақында отандық туризмдегі үздік ондықтың таныстырылымы болады

Қазақстанда қазанда отандық туризмдегі үздік 10 нысанның таныстырылымы болады, деп хабарлайды КазТаг.
"Қазанда туристік инвестициялық форумда Қазақстан тарихында алғаш рет халықаралық инвесторлар үшін Қазақстан туристік нысандарының үздік ондығының таныстырылымы болады", - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дүйсенбідегі үкімет сағатында.  

Оның айтуынша, сондай-ақ, үздік 10 нысаны Петропавлда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының осы жылдың 8-9 қарашасында өтетін "Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа беталыстар мен үдерістер" тақырыбындағы Қазақстан мен Ресей басшыларының қатысуымен болатын 16-форумда таныстырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу