Жақып Асанов : Банктер өз жұмысы арқылы қоғамда дау тудырып отыр

709

Жақып Асанов : Банктер өз жұмысы арқылы қоғамда дау тудырып отыр

Қазақстанда банк ісіне қатысты даулар жиі тіркеледі. Жыл сайын банк ісіне қатысты 84 мың дау қаралады екен. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен судьялардың кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Банкке қатысты істің көбеюі судьяларға айтарлықтай салмақ салады. Сондықтан, Жоғарғы сот Ұлттық банктен кредиттік келісімдерге қойылатын талаптардың сақталуын қатаң бақылауды сұрап отыр. 
"Банк ісіне қатысты даулар неліктен көп? Банктер келісімшартты береді. Бірақ, адамдар оны оқымайды. Тек, ай сайын қанша төлейтінін, несиенің қанша уақытқа берілгенін және қолына қанша ақша тиетінін ғана оқиды. Бітті. Ал келісімшарттар ұсақ шрифтпен жазылған әрі түсініксіз. Осыдан кейін дау басталады. Мұндай жағдайда судьялар қандай шешім қабылдауы керек?!" – дейді Жақып Асанов. 
Бұл ретте, ол мұндай істерді Жоғарғы сот деңгейінде қарамас үшін Ұлттық банк пен барлық банктердің басын қосып, ортақ келісімге келу керек деп есептейді.

"Банктер өз жұмысы арқылы қоғамда дау тудырып отыр. Өз кезегінде бұл тұрғындардың мемлекеттік саясатқа деген ренішін тудырады. 84 мың дау деген үлкен жүктеме. Бұл дегеніңіз – бірнеше сот отырысы. Мұның бәрі көп уақытты алады", – дейді Жоғарғы соттың төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу