Жалпы практика және бейінді дәрігерлер келісімді еңбекақы алады

1600

Бұл жүйе 2019 жылдан бастап енгізілмек.

Жалпы практика және бейінді дәрігерлер келісімді еңбекақы алады Фото: today.kz

Бүгін үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасады, деп хабарлайды abctv.kz.

Елжан Біртановтың айтуынша, жалпы практика және бейінді дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу жүйесін енгізу алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысын 20  пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бір алғашқы медициналық көмек дәрігеріне қаралатын адамдар санын 1700-ге дейін төмендетпек. Осылайша, медициналық мамандардың жүктемесі азаяды деп күтілуде. 

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу