Жамбыл облысында 953 пәтер пайдалануға берілмек

843

Жамбыл облысы әкімдігінде өңір басшысы Асқар Мырзаxметовтің төрағалығымен "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде жиналыс өтті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында 953 пәтер пайдалануға берілмек

Қазіргі таңда облыста 23258 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде соғыс ардагері - 4, жетім және қамқорлықсыз қалған балалар - 2737, xалықтың әлеуметтік осал тобы - 13170, бюджеттік сала қызметкерлері - 7345, үйі апатты деп танылған - 2 адам. Бұл көрсеткіш жыл басында 21683 адамды құраса, осы уақытқа дейін 1372 адам тағы кезекке тіркелген.  Яғни кезекке тұрғандардың өсім динамикасы қарқынды.

Кезекке тұрғандарды тұрғын үймен қамту - маңызды мәселе десек, ағымдағы жылы 953 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ал 2019 жылы - 1380, 2020 жылы - 1600 пәтерлі  көпқабатты тұрғын үйлер салынуы көзделуде.

Мәліметке сүйенсек пайдалануға беруге 606 пәтер дайын. Оның 114-і Арай шағын ауданында тиесілі. Асқар Исабекұлы бұл үйлерді "7-20-25" бағдарламасы арқылы пайдалануға беру керектігін алдыға тартты. Бұл бағытта өтініш берушілердің алғашқы 20 пайызының 10 пайызын төлеп беруге жергілікті бюджеттен  400 миллиондай қаржы қарастыру көзделуде. Бұл қаржы пайызсыз бөліп төлеу жүйесімен үлестірілмек. Ол үшін арнайы тізім жасалынатын болады. Бұл тұрғыдағы жұмыстар қазір пысықталу үстінде.

Өңір басшысы  арендалық кезекте тұрғандарды кредиттік бағыт бойынша пәтер алуға ыңғайлау, ол үшін талдау-сараптау жұмыстарын атқару керектігін ескертті. Асқар Исабекұлы облыс экономикасын арттыру үшін тұрғын үй құрылысының қарқынын бесеңдетпеудің маңыздылығын баса айтып, жауапты тұлғаларға аталмыш бағдарлама аясында баспана бақытына ие болушылардың санын арттыру жолында нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу