Жамбыл облысындағы атыстан бір адам көз жұмып, жетеуі жарақат алды

1123

Жамбыл облысындағы атыстан бір адам көз жұмып, жетеуі жарақат алды

Жамбыл облысында атыс кезінде бір адам көз жұмып, жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды abctv.kz.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 6 қараша күні кешкі уақытта Аса ауылынан Құмтиын ауылына бағыт алған автобустардың бірінде қос жолаушы жанжалдасып қалған.

Түнге қарай жанжал соңы атысқа ұласқан. 22-24 жас аралығындағы ер адамдар бытыралы тегіс ұңғылы мылтық қолданған. Атыс кезінде жарақат алған 7 адам аудандық орталық ауруханаға түсіп, Қаракемер ауылының 30 жастағы тұрғыны кеуде тұсынан алған жарақатынан көз жұмды. 

"Аталған дерек, Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу