Жамбыл облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

1442

Жамбыл облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов республикалық олимпиадалар мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бірыңғай ақпараттық жүйе орталығына сілтеме жасап.

Дарынды білім алушылардың 108-і халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 142 медаль, оның ішінде, 22 алтын, 35 күміс, 85 қола иеленген.

Ведомоствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен 2017-2018 оқу жылы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға облыстан 257 оқушы қатысқан. Балалар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 37 медаль еншілесе, 63 медальді  республикалық және Президенттік олимпиадалардан алған, ал  20-сы - "Зерде"  республикалық байқаулары мен ғылыми жобалардың жемісі.

Кездесу барысында алты жыл қатарынан ғылыми жарыстарда топтық бірінші орынға қол жеткізіп жүрген және жетінші жыл "Үздік топ" атауына ие болған жамбылдық оқушылар ерекше аталып өтті.

Жамбыл облысының әкімі дарынды балаларға алдағы уақытта сәттілік пен жеңіс тіледі. Жүлдегерлерге ноутбук берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу