Жансейіт Түймебаев үкіметте игерілмей қалған қаржының себебін түсіндірді

1261

Ал Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына көптеген қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Жансейіт Түймебаев үкіметте игерілмей қалған қаржының себебін түсіндірді

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев үкімет отырысында 1,9 млрд теңге сомасында республикалық бюджеттен бөлінген, игерілмеген мақсатты трансферттер туралы баяндады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

"Жалпы, жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 109,7 пайызға орындалып,  7,3 млрд теңге қаржы артық түсті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 млрд теңгеге өсіп отыр. Ал игерілмеуге байланысты 2 млрд теңге Шымкент қаласы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қаралған нысаналы трансферттің есебінен құрап отыр. Бұл қаржылар республикалық бюджетке тиісті өзгерістер енгізілген соң облыстық бюджеттен қысқартылып, қаланың бюджетіне ауыстырылатын болады. Қалған бөлігін жыл соңына дейін игеретін боламыз", - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде, Бақытжан Сағынтаев жаңадан құрылып отырған Түркістан облысына алдағы уақыттарда елбасының тапсырмаларына сәйкес, көптеген қаражат бөлінетінін мәлімдеді. Ол қаражаттың уақытылы, дер кезінде игерілуіне жауапкершілікпен қарауды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу