Жапония елшісі қарағандылық студенттермен кездесті

1316

Елші тұтқынға алынған жапондық сарбаздарды Қарағанды облысына жер аударған тарихи сәттерге ерекше назар аударды.

Жапония елшісі қарағандылық студенттермен кездесті

Жапон елшісі Ичиро Кавабата қарағандылық "Болашақ" академиясының студенттерімен кездесті. Ол жастарға дәстүрлі жапондық хокку өлең шумақтары жайлы лекция оқыды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Жапонияның төтенше елшісі қарағандылық "Болашақ" академиясында 30 қазанда болып қайтты. Студенттер үшін ол "Жапония және Қазақстан: елдер арасындағы қарым-қатынас" атты лекция оқыды. Онда тұтқынға алынған жапондық сарбаздарды Қарағанды облысына жер аударған тарихи сәттерге ерекше назар аударды. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Жапония байланысының бастапқы нүктесі ядролық қарудан арылу және ядролық қаруды таратпау туралы шешім болғанын атап айтты. 

Ичиро Кавабата жаңа бағыт – 2018 жылдың ақпанында құрылған "Орталық Азиядағы зорлық экстремизмнің алдын алу мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың тұрақтылығын және трансшекаралық әріптестікті нығайту" жобасы туралы айтты. Жапония үкіметі бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 6 млн 145 мың доллар бөлген. Оның мақсаты жастарды әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыруда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістанда қосымша жұмыс орындарын құруда болып табылады. Жоба шеңберінде аймақтық деңгейде шаралар өткізілетін болады: жастар арасында діни радикализмнің алдын алуға арналған кездесулер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер. Жобаны 2021 жылдың маусымында толықтай жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Лекция соңында Ичиро Кавабата дәстүрлі жапондық төрт шумақты хокку өлеңдерін оқып шықты. Сонан соң қонақ үшін академия ішінде экскурсия ұйымдастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу