Жасөспірімдер арасында футболдан халықаралық турнир басталды

1209

Жасөспірімдер арасында футболдан халықаралық турнир басталды

"Локоматив" стадионында футболдан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің ашылу салтанаты болып өтті. 10 жасқа дейінгі 100-ге жуық жасөспірім футболдан қалалық мәслихат депуттарының жүлдесін сарапқа салмақ, деп хабарлайды shymkenttv.kz.
Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан турнирге көршілес Өзбекстанның "Пахтакор" футбол академиясынан 2 команда қатысып отыр. Сонымен қатар, Астана, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Тараз қалаларынан 2 командадан қатысуға ниет білдірген. Ойында жалпы саны 15 команда өнер көрсетеді. Мәслихат депутаттарының жүлдесін сарапқа салған сайыс апта бойы жалғасады. Халықаралық турнирдің жүлде қоры да қомақты. Ұйымдастырушылар үздік шабуылшыдан бастап, әділ төрешіге дейін арнайы номинациялар белгілеп отыр.  
 "Заманға сай балалардың жарысқа қатысу деңгейін жасарттық. 2006-2007 жылғы балалар  келді. Жарыс, үш стадионда болып жатыр. Екі стадион Сайрам ауданында. Біз үнемі жарыстың бір бөлігін аудандарда өткізіп тұрамыз. Себебі, аудандардағы елді мекендердегі футболдың, бұқаралық спорттың дамуына жанкүйерлер келіп, қызығушылық танытып, ат салысса деген оймен өткіземіз", - дейді футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры Ермек Дәрменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу