Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды

806

Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды

Жезқазған қаласының әкімі болып бұған дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып қызмет еткен Қайрат Бегімов тағайындалды. Қаланың жаңа басшысын активке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми ақпараттық порталы.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша менің жарлығыммен және қалалық мәслихаттың келісімімен Бегімов Қайрат Баяндыұлы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. Қайрат Баяндыұлының еңбек жолы негізінен коммуналдық сала және құрылыспен байланысты болды. Сол себепті Жезқазған қаласының әкімі қызметіне үміткерлерді қараған кезде біз қаланың негізгі мәселелері тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығымен байланысты екенін ескердік", - деді Ерлан Қошанов.

Жезқазғанның бұрынғы әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен қызметінен кеткен болатын. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген тағайындау тәртіптеріне сай, жаңа қала жетекшісінің кандиратурасы кезектен тыс сессияда жергілікті мәслихат депутаттарына ұсынылды. Депутаттар бір ауыздан үміткер Қайрат Бегімовты қолдады.

Қайрат Бегімов 1968-ші жылдың 23-ші ақпанында Қарағандыда туған. Екі жоғарғы білімі бар, 1992-ші жылы Қарағанды политехникалық институтты бітірген, 2004-ші жылы Алматының экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша "Өнеркәсіп көлігінің инженері", "Қызметкерлерді басқарушы, экономист". 
Еңбек жолын "Қарағанды көмір" бірлестігінде жекешелендіру және тұрғын үй бойынша бөлімнің басшысы болып бастады. 
90-шы жылдардың соңында, ең үлкен коммуналдық дағдарыс болғанда, Қайрат Бегімов Қарағанды аудандарының бірінде ТҮШК бөлімін басқарды. Кейін Октябрь ауданының әкімі, Коммуналдық мәселелер бойынша Қарағанды әкімінің орынбасары, онан соң Қарағанды облысы Құрылыс басқармасының жетекші орынбасары болып қызмет етті. 
2015-ші жылыдң шілде айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу