banner

Жоғалған 2 жасар баланы іздеу тоқтады

1182

 Қазан айының басында 2 жасар бала үйінің айналасынан сәл ұзап кетіп, көзден ғайып болған.

Жоғалған 2 жасар баланы іздеу тоқтады

Құтқарушылар Қарағанды облысының Балқаш ауданындағы Техснаб ауылында үйінің айналасында 2 қазан күні жоғалып кеткен 2 жасар баланы іздеуді тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Баланы белсенді іздеу шаралары аяқталды. Енді құтқарушылар аймақты тек көзбен шолып жүр", - деді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Жанна Дәуренбекова.

Ведомство өкілдерінің деректерінше, баланы іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермеген. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері Балқаш көлінің айналасын шолып, жағалауды бақылап жүр.

Айта кетейік, қазан айының басында 2 жасар бала үйінің айналасынан сәл ұзап кетіп, көзден ғайып болған. Ішкі істер органында осы оқиғаға байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы штаб құрылды. Штаб құрамына өрт сөндіру, құтқару қызметінің өкілдері мен кинологтар және еріктілер тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу