Жолақыны пластикалық бөтелкемен төлеуге болады

1600

Аталмыш ыдыстарды қабылдайтын ерекше автомат қаланың жерасты өткеліндегі станцияларға қойылған. 

Жолақыны пластикалық бөтелкемен төлеуге болады

Түркияның Ыстамбұл қаласында метрода жүру және қоғамдық дәретханаларды пайдалану ақысының орнына алюминий банкілер мен пластикалық бөтелкелер ала бастады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Аталмыш ыдыстарды қабылдайтын ерекше автомат қаланың жерасты өткеліндегі станцияларға қойылған. Бұл құрылғылар Istanbul Card жол жүру ақысын толтыруға мүмкіндік береді. Сома өткізілген қоқыстың санына байланысты. Машиналар пластик бөтелкелер мен алюминий банкілерді қабылдап, оларды жаншып, ұсақтап, екінші реткі қайта өңдеуге үшін сорттайды.

Жарты литрлік бір бөтелкені автомат 0,03 түрік лирасына бағалайды. 0,33 литрлік алюминий банкі – 0,09 лира. Яғни Метроның бір реткі жолақысын ақтау үшін бір жарым литрлік 32 бөтелке немесе 28 алюминий  банкі өткізу керек.

Аталмыш бастама қоғамдық орындарда тазалық сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол жүру ақысын жаңаша әдіспен толтыру арқылы метро ғана емес, автобус, трамвайлармен қатынап, қоғамдық дәретханаларға баруға да болады.

Жыл аяғына дейін автоматтарды Стамбұлдағы мектеп, университтетерді қосқанда тағы 25 жерге орнату жоспарланған көрінеді. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, бұл автоматтар Финляндияның кез-келген бұрышынан кезігеді. Фин елінің Түркиядан бір айырмашылығы, онда қабылданған қоқыстар үшін ақшалай сыйақы беріледі. Мысалы бір литрлік бөтелке 0,40 еуро, темір банкі – 0,15 еуро, ал шыны ыдыстар – 0,10 еуро.

Үлгі аларлық мысал Британия мемлекетінде де бар. Ағылшындар пластик бөтелке өткізіп, автокөлігін тұраққа тегін қоя алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу