Жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету сапасы тексерілді

1481

 Жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету сапасы тексерілді

Көлік комитеті жолаушылар пойыздарынан көптеген кемшілік анықтады. Инспекторлар пойыздарда тасымалдаушылардың жолаушыларға қызмет көрсету саласындағы ұлттық стандарттың және субсидиялау шарттарының талаптарын бұзғанын анықтады. Нәтижесінде 260 заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда солардың ішінде ауа кондиционерлері жүйесі мен ішкі құрылғылардың ақаулықтары, вагондардың санитарлық күйі, төсек-орын сапасы және басқалары бар.

Субсидиялау шарттарының талаптары шеңберінде тасымалдаушыларға жалпы сомасы 12 млн теңгені құрайтын төленген субсидияларды қайтаруға санкция берілді. Ал 13 тексеріс материалы белгіленген жолаушылар пойызында қызмет көрсету талапқа сай болмауына байланысты заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік материалдар құру үшін көлік комитетінің аймақтық бөлімшелеріне жіберілді. Жіберілген материалдар бойынша айыппұл сомасы 550 мың теңгені құрайды.

Айта кетейін, маусымның 7-і мен 15-і аралығында жүргізілген тексеріс кезінде барлығы  жолаушы тасымалдайтын 13 пойыз қамтылған. Олардың қатарында: Алматы-Манғышылақ, Алматы-Ақтөбе, Алматы-Сарыағаш, Астана-Қызылорда және  Алматы - Атырау бағытындағы құрамдар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу