ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетіндерді ҰБТ-дан босату туралы ұсыныс қолдау таппады

1036

ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетіндерді ҰБТ-дан босату туралы ұсыныс қолдау таппады

Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының, мектептер мен колледждер директорларының, білім басқармалары мен ата-аналар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өткен басқосуда "Ақ жол" партиясы парламенттік фракциясының бастамасымен көтерілген мәселелер қаралды, деп хабарлайды edu.gov.kz.

Атап айтқанда, "Ақ жол" партиясы парламенттік фракциясы өкілдерінің ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсуге ниетті мектеп түлектерін ҰБТ тапсырудан  босату туралы ұсынысы қызу талқыланып, қатысушылардың басым көпшілігі тарапынан қолдау таппады.

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының ойынша, талапкерлердің білім сапасын төмендетуге әкеліп соқтыруы ықтимал шешім асығыс қабылданбауы тиіс. Министрлікке келесі жылы ҰБТ өткізу тәртібін өзгертпей, мектептегі білім беру сапасын арттыруға көбірек назар аудару қажеттігі айтылды.  

Талқылау барысында оқулықтарды қайта басып шығару, сондай-ақ, қаржыландыру циклы бойынша әр төрт жыл сайын шығарылатын тираждың 100% сатып алу міндеттіліктерінің күшін жою ұсынылды. Бұл ұсыныс қабылданса, жергілікті атқарушы органдар оқушылар санының өзгеруі мен кітаптарды ескіру факторын назарға ала отырып, жыл сайын оқулықтардың қажетті көлемін ғана сатып алуы тиіс болады. Жаңа оқулықтарды тек  МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) түбегейлі өзгеріп, білім бағдарламалары жаңартылған жағдайда ғана әзірлеу ұсынылды. Тағы бір ұсыныс – оқулықтар келесі басылымдарда түзетіліп, кітап нұсқаларын ауыстыру біртіндеп жүргізіледі. Сонымен қатар, талқылау барысында орта және жоғары сыныптарда негізгі оқулықтармен қатар  балама кітаптардың болуын міндеттеу мәселесі қарастырылды – қазіргі кезде альтернативті оқулық енгізу мүмкіндігі бар, бірақ  міндеттелмеген. 

"Ұсынылып отырған шараларды осыдан үш жыл бұрын қабылданса, бүгін осы мәселе төңірегінде туындап жатқан сұрақтар әлдеқайда аз болар еді",- деп пікір бөлісті Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу