Жоспардағы берілу керек 128 тұрғын үйдің жетпісі ғана аяқталды

840

 Жоспардағы берілу керек 128 тұрғын үйдің жетпісі ғана аяқталды

2016 жылы Астанада 128 тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған еді. Дегенмен оның тек 70-інде ғана тұрғындар қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қалған 58 проблемалы нысанның құрылысын аяқтау мәселесі апта сайын Астана қаласы әкімдігі жанындағы үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады", - деп мәлім етті Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасынан. Ведомствоның атап өтуінше, нысандардың құрылысын аяқтауға кедергі болып отырған негізгі себептердің қатарында құрылысқа рұқсаттың, жобалық-сметалық құжаттамалардың болмауы, сонынмен бірге инвесторлар алдында құрылысшылардың келісімшарт міндеттемелерін орындамауы бар. Мұның барлығы да "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатыс туралы" ҚР Заңын бұзу саналады. Пәтер иелерінің шығындарын кім қалпына келтіреді деген сауалға аталған басқарма нақты жауап бере алмады. Тек мұндай жағдайда еліміздің қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алу керектігін атап өткен.

"Құрылысшы мен инвестор (үлескер) арасындағы құқықтық келісімді қарым-қатынас (алдын ала келісімшарт, инвестициялық қызмет туралы келісімжарт және басқалары)  азаматтық-құқықтық болып саналатындығын атап өткен орынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларымен реттеледі. Заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үйге үлесін талап етуінен туындауымен байланысты жеке және заңды тұлғалардың қаржысын тарту, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімшарт негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте олардың қаржысы тұрғын үй пайдалануға берілмей тұрған кезде тартылады. Заңның жоғарыда аталған нормасына орай құрылысшы нысанның инвесторы болып саналмайтын тұлғаға пәтерді сатқан кезде үлескер қаржысын тартуға арналған жергілікті атқарушы органның сәйкесінше рұқсаты болуы тиіс", - деді басқармадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу