Жыл басынан бері 1,4 мың ақтөбелік біржола шетел асқан

1117

Бұл туралы облыстық көші-қон қызметі басқармасы хабарлап отыр.

Жыл басынан бері 1,4 мың ақтөбелік біржола шетел асқан

Ақтөбе облысынан жыл басынан бері 1400 адам біржола шетел асып кеткен, деп хабарлайды  Aktobenews.kz.

Өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда, биыл тоғыз айда өңірден кеткендер саны 36 пайызға көбейген. 

Ал, Қазақстан азаматтығын алып, Ақтөбеге 325 шетел азаматы қоныс аударған екен. Олардың 262-сі – оралмандар.

"Облыс аумағында тұрақты тұруға 402 шетелдік рұқсат алса, Қазақстаннан тыс жерлерге көшу мақсатында 1400 қазақстандық есептен шықты", —деді көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Дәуренбек Ізтілеуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу