"Ақтөбе-Мақат" құрылысына кореялық компания тартылады

824

"Ақтөбе-Мақат" құрылысына кореялық компания тартылады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары кезінде әлемдік деңгейдегі бірқатар компаниялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды .                          

Бердібек Сапарбаев пен Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев оңтүстік кореялықYooshin Engineering Corporationинжинирингтік компаниясының вице-президенті Ким Кёнг Хомен келіссөздер жүргізді. Кездесу кезінде Yooshin компаниясының Ақтөбе облысындағы түрлі нысандардың жобалауы мен құрылысына қатысу жайы талқыланды.

Атап айтқанда, кореялық серіктестер 455 шақырымдық "Ақтөбе-Мақат" көлік жолының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытатындарын білдірді.

Тараптар өзара тиімді әріптестікті әрі қарай жолға қою үшін нақты жобаларды егжей-тегжей қарау туралы келісмге келді.

"Ақтөбе – Қазақстанның батысындағы ірі қала. Біздің құрылыс пен қалалық жобалауға қатысуымызға болатын өте перспективті аймақ деп ойлаймыз",- деп атап өтті Ким Кёнг Хо.

Yooshin Engineering Corporation – негізі 1966 жылы қаланған, жол,  әуежай, теміржол, құтқару, қалалық жобалаумен, қадағалаумен және басқа да жобалық жұмыстармен айналысатын құрылыс компаниясы. Бүгінде ондаған елде филиалы бар компания көлік желісінің құрылысы бойынша ірі халықаралық жобаларға қатысады.

Бұдан басқа, DongilHighvill кәріс құрылыс компаниясының президенті Ко Донг Хюнмен де кездесу болды. Компания Кореяның тұрғын үй құрылысы саласында көшбасындағы орында. Қазақстан нарығына 2004 жылы келген.

"Былтыр Ақтөбе облысында 870 мың шаршы метр баспана салынды, биыл кем дегенде 900 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй құрылысы тиімді мемлекеттік бағдарламалардың арқасында өте белсенді. Біздің облыста негізінде жергілікті құрылысшылар жұмыс істейді, соған қарамастан халықтың кең әрі қолайлы пәтерге деген қажеттілігі артып келеді. Сондықтан, өңірге Қазақстанда жұмыс жасайтын ірі құрылыс компанияларын тартуды бастадық. Солардың қатарынан сізді де көргіміз келеді",- деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде Ко Донг Хюн Қазақстан өңірімен серіктестік байланысты кеңейтуге мүдделі екенін растады. Әріптестік туралы келісім Ақтөбе облысының құрылыс нарығын егжей-тегжей талдаған соң қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу