"Арландар" жеңіске жетті

773

"Арландар" жеңіске жетті

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын Astana Arlans командасы Ұлыбританияның British Lionhearts командасына қарсы жартылай финалдағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды vesti.kz.
Шеффилдте өткен бокс кешінде отандастарымыз шаршы алаң иелерін 3:2 есебімен ұтты. Жеңіл салмақта (49 кг) жұдырықтасатын Теміртас Жүсіпов бірінші жекпе-жекте төрешілер шешімімен (2:1 (47:48, 50:45, 48:47)) Галал Яфайға жол берді. Екінші болып шаршы алаңға көтерілген Ілияс Сүлейменов Ниан Дил Фаррелді айқын жеңді.
64 кг салмақта жұдырықтасатын Ділмұрат Мижитов Далтон Смиттен мықты екенін дәлелдеп, "Арландарды" алға шығарды. Ал Әбілхан Аманқұл соңғы сәтте Джордан Рейнольдсты  алмастырған  Бенджамин Уиттакерді сөзсіз жеңіп, қазақстандық жанкүйерлерді жарқын жеңісімен қуантты.
Ауыр салмақта (91 кг) жұдырықтасқан Арбек Абдуғаниев Чавон Кларктанайласын асыра алмады. Төрешілер бірауыздан (3:0 (50:44, 49:45, 50:44) британдық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 мамыр күні Атырауда өтеді. Бокс кеші Астана уақытымен сағат 17:20-да басталады.
Жартылай финалдағы екінші жұпта Cuba Domeodores (Куба) пен France Fighting Roosters (Франция) командалары алғашқы кездесулерін бүгін өткізеді.
Командалар қос жекпе-жек қорытындысы бойынша тең болған жағдайда, 69 кг салмақта қосымша кездесу өтеді. Ал финалда тең болса, 64 кг салмақта қосымша жекпе-жек өтетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу