"Барахолка" базарынан тағы да өрт шықты

906

"Барахолка" базарынан тағы да өрт шықты

Алматы барахолкасы қайта өртенді. Бұл жолы 900 шаршы метрдің күлі көкке ұшты. Нақтырақ айтатын болсақ, Алмалы ауданы Райымбек батыр көшесі 212 мекенжайы бойында орналасқан контейнерлар қызыл жалын құрсауында қалған. Төтеншеліктер оқиға орнына өрт басталғаннан кейін бірақ жеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер сәл кешіккенде жалын 2 қабаттағы контейнерлерге және Барыс 4 базарының шатырына көшер еді дейді куәгерлер. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 96 қызметкері және 27 арнайы техника жұмылдырылды.

Сандуғаш Баймұхамбетова6 Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

"Белгілі болғандай 7 азық түлік контейнерлері өртенген. Сағат 4 жарымда тұтанған тілсіз жауды сағат 5 тен 40 минут кеткенде сөндрді. Өрт сөндіруішлер көлемі 50 литр болатын 5 және 25 литр болатын 1 газ баллонды өрт ошағынан алып шыққан. Өрттіың шығу себебі және шығындар анықталып жатыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу