"Елорда Жастары Премиясы" байқауы басталды

952

Өтініштерді қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады.

"Елорда Жастары Премиясы" байқауы басталды

Елорда жастарының арасында байқау басталды. Өтініштерді қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарланды Астана әкімдігінің сайтында.

Шараның мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік деңгейде ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметте қолдау және жастар ҮЕҰ арасында бірлесіп әрекет жасау, табысты жас қазақстандықтар идеалын қалыптастыру. 

Премияға Астана қаласының тұрғыны, Қазақстан Республикасының 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар таласа алады. Бұдан басқа, кандидаттың түрлі салада көрнекті жетістіктері болуы керек.

Биыл жалпы номинация саны 20-ға дейін ұлғайтылды. Оның арасында: ғылым, заманауи шығармашылық, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, театр, кинофестиваль, эстрада, ҮЕҰ (жастар саясаты саласы).

Сонымен қатар әлеуметтік және өнер саласындағы жұмысшы, үздік өнеркәсіп жұмысшысы, жыл студенті, жыл волонтері, үздік мемлекеттік қызметкер, өнерге қосқан үлесі үшін жыл жаңалығы, жас кәсіпкер, үздік SMM-менеджер иегерлері анықталатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау заманауи Қазақстанның бейнесін ары қарай қалыптастыратын жас қазақстандықтарды көруге көмектеседі.

"Жастар байқауының негізгі мақсаты – өз саласындағы үздіктерді анықтау. Өткен жылы "Жыл студентіне" ең талантты студенттер бақ таласқандықтан, жеңімпазды анықтау қиынға түсті, сол себепті біз осы жылы қоғамдық онлайн дауыс беруді қостық.  Яғни кандидаттарды іріктегеннен соң біз онлайн-дауыс беруді жариялаймыз, онда кез келген адам қатысушыға дауыс бере алады", - деді "Астана жастары" мекемесінің басшысы Үкібай Нұрпейісов.

Баспасөз конференциясында "Елорда Жастары Премиясы" байқауын ұйымдастырушылар "Астана дарыны – 2017" конкурсының былтырғы жеңімпаздарымен бірлесіп жұмыс жасап жатқаны туралы айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу