"Харекет" қоғамдық қоры Ақтөбе облысында жалғызбасты анаға баспана сыйлады

1965

Ең алғаш "1000 теңгеге баспана" бастамасымен қолға алынған игі шараның нәтижесінде, қазіргі таңда республика бойынша мұқтаж жандарға қырыққа жуық баспана сыйланған. 

"Харекет" қоғамдық қоры Ақтөбе облысында жалғызбасты анаға баспана сыйлады

"Харекет" қоғамдық қоры Ақтөбе облысында жалғызбасты анаға баспана сыйлады. Кілт тапсыру салтанатына Светлана Айтбаева арнайы қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ең алғаш "1000 теңгеге баспана" бастамасымен қолға алынған игі шараның нәтижесі бойынша қазіргі таңда республика бойынша мұқтаж жандарға қырыққа жуық баспана сыйланған. Ал Ақтөбе бойынша үшінші үй жеті баланы жалғыз асырап отырған Тұрсынай Берденоваға тапсырылды. Тұрмыстың тапшылығын көрген ана қуанышты сәтте көзіне жас алды.

"Бір жылдың ішінде қырыққа жуық баспана беру деген бұл ерлік. Шынында  әрбір адам үшін баспаналы болу — үлкен арман. Үлкен армандарға қол жеткізуге септігін тигізіп жүрген жандарға мың алғыс айтқым келеді. Ақтөбенің жеріне кезек келген екен. Мен үшін өте әсерлі сәт. Баспананың кілтін тапсыру маған бұйырыпты. Шаңырақтың іші қызық пен берекеге толы болсын", — деді үйдің кілтін тапсырған Светлана Айтбаева.

Екі бөлмелі пәтер Қандыағаш қаласынан берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу