banner

"Highvill" компаниясы Түркістанда құрылыс жүргізуге ниетті

1103

Компания іске кірісетін болса, жер беріліп, инфрақұрылым тартылады.

"Highvill" компаниясы Түркістанда құрылыс жүргізуге ниетті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев "Хайвилл Қазақстан" компаниясының бас директоры Джон Дэ Кангты қабылдады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты әріптестікті күшейтіп, Түркістан қаласын дамыту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы құрылыс саласында өзіндік орны бар кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

"Түркістан қаласын дамыту Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында тұр. Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Қазірдің өзінде Түркістанда ғимараттар салуға көптеген компаниялар қызығушылық танытып жатыр. Сіздерді де бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Келіссөзіміз сәтті аяқталса, жер беріліп, инфрақұрылым тартылады. Заман талабына сай нысандарды салуға мүмкіндіктеріңіз бар", — деді облыс әкімі. 

"Хайвилл Қазақстан" компаниясының бас директоры Джон Дэ Канг Түркістан қаласында түрлі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салуға ниетті екенін білдірді. Кездесуде облыс әкімдігі мен компания басшылығы алдағы уақытта да келіссөздерді жалғастыру жөнінде уағдаласты. Жиыннан соң кореялық компания өкілдері Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жобалар мен жоспарлармен танысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу