"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

1003

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағындағы алдағы үш күнге, 10,11,12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның ауа райын әдеттегідей жоғары атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Сондықтан демалыс күндері бірқалыпты аяз, түнде және таңертең тұман күтілуде, күндіз көптеген аймақта аспанды аздап бұлт торлайды.

Астанада 10 ақпанда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 15-17 градус болса, күндіз -7-9 градусты көрсетеді.

Жексенбі күні Астанада көшпелі бұлт шыққанмен күн жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 18-20 градус болса, күндіз -10-12 градусты көрсетеді.

Ақпанның 12 - жұлдызында көшпелі бұлт шыққанмен күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз -18-20 градус болса, күндіз -9-11 градусты көрсетеді.

Алматы қаласында 10 ақпанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Секундына 0-5 метр жылдамдықпен жел тұрады. Түнде ауа температурасы -9-11°С, күндіз -1-3°С болады.

Жексенбі күні көшпелі бұлт жөңкігенімен, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 0-5 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -7-9°C, күндіз +1+3°C болады.

12 ақпан күні де жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы -5-7 °C, күндіз + 1 + 3 °C арасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу