"Қазгидромет" болжамы 90 пайыз дәл келеді - Қанат Бозымбаев

842

"Қазгидромет" болжамы 90 пайыз дәл келеді - Қанат Бозымбаев

Бүгін үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Өз баяндамасында Қанат Бозымбаев жедел гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін "Қазгидромет" РМК 310 гидрологиялық бекетін, 339 метеорологиялық станциялар мен бекетін, сондай-ақ екі қар көшкіні станциясын қамтитын мемлекеттік бақылау желісінде бақылау жүргізетінін айтып өтті.
Су объектілерінде шұғыл өзгеріс туындаған жағдайда барлық гидрологиялық бекеттер әр төрт сағат сайынғы жиілетілген бақылауға ауысады.
Бұдан өзге, апатты гидрологиялық құбылыстар туындаған жағдайларда ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне, ҚР АШМ су ресурстары комитетіне және жергілікті атқарушы органдарға ескертуді жеткізу схемасы жұмыс істейді.
Үлкен, болжамдардың есептерінде есепке алынбаған қар қоры бар жыралардағы ылғалдылық қорын анықтау үшін "Қазгидромет" филиалдары және аймақтық төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп негізгі жазық өзендердің барлық алаптарында қар-батпақта жүргішпен экспедициялық маршруттық айналымдар жүргізіледі.
"Қазгидрометтің" су тасқыны кезеңіндегі негізгі гидрологиялық болжамдары мүдделі мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктеріне 2018 жылдың 1 наурызынан бастап апта сайын әр үш күн сайынғы нақтылаумен жеті күн алдын ала ұсынылатын болады", — дейді Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ, энергетика министрі "Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені" жол картасы шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Біздің қызметтер үшін айта алмаймын, бірақ "Қазгидромет" орындалу ықтималдығы 90%-дан асатын болжамдарды беретіні нақты", — деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу