"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасына 18 мың полиция қатысты

2056

Алғашқы екі күнде 945 қылмыс тіркеліп, кезекшілік тәулікте 533 қылмыстық әрекет ашылды. 

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасына 18 мың полиция қатысты

ҚР ІІМ Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде, деп хабарлайды, Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​"Бұл операция көшелер мен қоғамдық орындарда құқық тәртібін сақтауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Іс-шараға 18 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты. Алғашқы екі күнде 945 қылмыс тіркеліп, кезекшілік тәулікте 533 қылмыстық әрекет ашылды. Сонымен қатар, бұрын жасалған 168 қылмыс, оның ішінде 3 – кісі өлтіру, 3 – қарақшылық шабуыл және 13 тонау фактісі ашылды. Іздестіруде жүрген 48 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 10 қылмыскерге өткен жылы іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 77 адамды ұстады, оның ішінде 37-сі – есірткі сақтағаны үшін (шамамен 3,8 кг), 25-і – атыс қаруын және 13-і суық қаруды алып жүргендігі белгілі болды.

14,3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 1109 – ұсақ бұзақылық, 2118 – спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, 182 – автокөлікті мас күйінде басқару, 1427 – жылдамдықты арттыру, 25 – қарсы қозғалыс жолағына шығу және 648 елде болу ережелерін бұзу фактілері анықталды.

229 адамды қабылдау-тарату орындарына, оның ішінде 124 шетелдік, ал уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына 668 адам жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу