"Туристік Қамқор" қоры ескерту жариялады

1044

"Туристік Қамқор" қоры ескерту жариялады

Елімізде заңсыз жұмыс істейтін турфирмалар көбейді. Осыған байланысты "Туристік Қамқор" қоры ескерту жариялады. Онда азаматтарды туркоды жоқ компаниялардан демалыс жолдамасын сатып алмау керектігі жазылған, деп хабарлайды Atameken TV.

"Бірнеше күн бұрын, Ресейлік "Натали Турс" туристік банкротка ұшырап, Бакуге ұша алмай қалған қазақстандықтар бар және де соңғы ақпарат Қарағанды қаласында. Еуропаға шығаратын компания турагенттік өзінің міндетін орындамай тақыр жерге отырғызып кетті. Ең бірінші жаздың алдында болған оқиға Алматыда. 31 қазақстандықты алдап соғып, 19 млн теңгесін қалтасына салып алып жоқ болып кеткен алаяқ компанияларда бар. Сондай сәттер болып қалмас үшін осы туркодды беретін  турфирмаларға баруға кеңес беремін", - дейді "Туристік Қамқор" қорының менеджері Рауан Есқали.

Айта кетсек, жаздың алғашқы айының өзінде 200 мыңнан астам отандасымыз шетелде депалып үлгерген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу