banner

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" аяқталды

1331

Полиция акцияның қорытындысын шығарды. 

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" аяқталды

Нәтижесінде 19 әйел әкімдікке қарасты "Үміт" дағдарыс орталығына жіберілді. Бұдан бөлек, 28 әйел дағдарыс орталығындағы психологтардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) басқармасы осы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында республика бойынша "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" ақпараттық акциясын өткізді. Науқанды өткізу барысында полицейлер 257 тұрмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Олардың 30-ы – ҚР ӘҚБтК-нің "Отбасылы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар" 73-бабына сәйкес бұзушылық деп танылды.

Полицейлер 224 қорғау нұсқамасын шығарып, үш ерекше талап қойды.

Акцияның негізгі мақсаты – ана мен баланы қорғауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамда отбасы рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын жақсарту және  халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылатуға мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамды, БАҚ-ты тарту.

"Полиция – әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де, сондай-ақ, күш көрсетудің құрбаны болғандармен де жұмыс істейтін ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт" - деп атап өтті Астана ПД ЖПҚБ аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Шара аясында 150-ге жуық қоғамдық іс-шара өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу