"Арараттан" "Двинге" дейін

Тигран Оганесян Тигран Оганесян
6868

Ереван коньяк зауытының сауда және маркетинг жөніндегі директоры Карин Мадельрье abctv.kz-ке Қазақстанда армян коньягының қалай сатылып жатқаны және Қазақстан нарығындағы жоспарлары  қандай екені туралы әңгімелеп берді.

"Арараттан" "Двинге" дейін

– Қазақстанға Ереван коньяк зауыты өнімінің қандай түрлері жеткізіледі және қазақстандық тұтынушылар арасында қай өнім сұранысқа ие?

–  Ереван коньяк зауыты Қазақстанға "Арарат 3*" коньягынан бастап "Наири" коньягына дейінгі барлық өнімді экспорттайды. Бұл "Арарат" үшін үйреншікті нарықтың бірі және бұл нарық экспорттық бағыт арасында сенімді түрде төртінші орынды алып отыр. Егер сауда көлемі жайында айтар болсақ, онда стандарт-категория көш бастап тұр. Бұл – біздің  "Арарат 3*" және "Арарат 5*" коньягымыз. Ал импорттық коньяктардың нарықта алатын үлесі жайында айтатын болсақ, онда Premium + коньягы нарықтың 68%-ын алып, барлық категорияның өсу драйвері болып тұрғанын мақтанышпен айтуға болады. "Арараттың" Premium + категориясына "Ани" (алты жыл сақталған), "Отборный" (жеті жыл сақталған), "Ахтамар" (10 жыл сақталған), "Васпуракан" (15 жыл сақталған), "Наири" (20 жыл сақталған) және  коллекциялық "Двин" коньягы жатады.

Мықты маркетингтік стратегия мен команданың арқасында нарықтың үлесін арттыру мүмкін болып отырғанын ерекше атап кету керек. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы саудамыз 55%-ға өскенін көріп отырмыз. Бұл бұған дейін болмаған керемет өсу көрсеткіші деуге болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның тек ірі қалаларымен ғана емес, сонымен қатар өңірлерімен де жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біз үшін өте маңызды.

– Қазақстанға жыл сайын жеткізілетін өнімнің көлемі қандай? Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қанша өнім әкелдіңіздер?

– Жоғарыда айтып кеттім, биылғы жылғы көрсеткіш  керемет. Біздің қаржылық жылымыз күнтізбе бойынша есептелмейді, есеп былтырғы жылдың шілдесінен биылғы жылдың маусым аралығымен жүргізіледі. Сондықтан жылды қорытындылауға аз уақыт қалды.

– Қазақстанға өнім қалай жеткізіледі?

– Негізі Қазақстанға тауарды әуе жолы немесе құрлық арқылы жеткізуге болады. Алайда баға ұсынысының сәйкес келмеуінен авиатасымалдауды қарастырмаймыз.

Шындығына келетін болсақ, бүгінгі күні Армениядан тауар тасымалдайтын жалғыз жол Грузия арқылы болып тұр. Ол жер өздеріңіз білетін проблемасы көп Жоғары Ларс арқылы өтеді. Ресейден келетін "Арарат" коньяктары да құрлық  арқылы жетеді .

Өздеріңіз көріп отырғандай, аса керемет таңдау мүмкіндігі жоқ, жыл сайын жүкті тасымалдауға тендер өткіземіз. Барлық қауіп пен шектеулерді ескере отырып, тиімді шешім ұсынған компания таңдап алынады. 

– Қазақстанға жаңа өнім жеткізуге қатысты жоспарларыңыз бар ма?

– Осы жылдың соңына дейін қазақстандық тұтынушыларға "Арарат" коньягының 30 жыл сақталған түрі "Эребуни" ұсынылады. Бұл өте керемет өнім, оның құрамында сирек кездесетін 30 спирт бар. Оның бірі – 1934 жылғы спирт. Коньяк ұсынатын зауыттардың бәрінде  бірдей eau-de-vie  сияқты қор жоқ. Ал біздің коньяк зауытындағы винтажды спирттің үлкен коллекциясы "Арарат" коньягының желісін арттыруға мүмкіндік береді.  Бүгінгі күні ұсынғалы ортырған "Эребуни" – "Арарат" коньягының жақсы бір өнімі. Оның сыртқы қорабының өзі ерекше. Қазақстандағы "Арарат" өнімін тұтынушылар бұл коньякқа да жақсы баға береді деп ойлаймыз.

– Арменияның  ЕАЭО - ға мүше болуы Қазақстандағы бизнестеріңізге көмегін тигізді ме?

– ЕАЭО бірқатар ырықтандыру беретіні сөзсіз. Бірақ та қазіргі уақытта бұл блоктың беретін артықшылығы логистикаға қолданылуда. Осындай экономикалық біріктірудің арқасында одаққа мүше елдер арасында жүк тасымалдау барысында кедендік рәсімдеу жоқ. Бірақ та бұл өнімнің бағасын арзандатады деген сөз емес. Қазақстандағы коньяк нарығы өте жан-жақты дамыған, өнім көп, сондықтан бәсекелестер де көп.

– Сіздердің Қазақстандағы өкілдіктеріңіз қалай жұмыс істейді? Заң жағынан қандай да бір қиындық жоқ па?

 – Қазақстанда "Арарат" өнімі "Перно Рикар" компаниясының қазақстандық кеңсесі арқылы ұсынылып отыр. Бұл компания "Арарат" коньяктарымен қатар басқа да сусындарды жеткізумен айналысады.

Гүлназ Ермағанбетова, Тигран Оганесян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу