«Атамекен» ҰКП бесжылдығын атап өтуде

Осы кезең ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлестікке жүгінген әрбір екінші кәсіпкердің мәселелерін оң шешіп берді.

10 Қыркүйек 2018 10:01 Автор: Саян Абаев
«Атамекен» ҰКП бесжылдығын атап өтуде, «Атамекен» ҰКП , Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бизнес, Айыппұл, бизнес-омбудсмен

Жексенбі, 9 қыркүйекте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) құрылғанына бес жыл толды. Осы кезең ішінде ҰКП тек кеңесші әрі көмекші ғана емес, сондай-ақ қазақстандық бизнестің сенімді қорғаушысына да айналды. Abctv.kz редакциясы еліміздегі ірі бизнес-бірлестіктің қызметіне жалпы қорытынды жасап көрген еді.

Ұлттық палатаның есептеулері бойынша, 2014 жылдан бері кәсіпкерлерден түсіп жатқан өтініштер күн өткен сайын көбейе берді. Ең көбі – 7225 өтініш 2016 жылдың еншісінде. Жалпы бес жыл ішінде ҰКП бизнес тарапынан түскен 23,5 мың өтінішті тіркеді. Былтырғы жылдан бастап бизнесті қорғау бойынша жағымды өсім бар.

2017 жыл өзінің даму бағытын өзгерткен кезең болды. Бұған дейін жер қатынастары және салықтық сатып алу мәселелері бойынша арыздар алдыңғы орында тұрған болатын. 2017 жылы кәсіпкерлер (20 пайыз) және әкімшілік кедергілер (9 пайыз) арасындағы даулар бойынша арыздар көп болды. Бұл мәселелерге қойылатын зер өз бағытынан өзгеріп, бизнес-қауымдастықтың мемлекеттік органдармен өзара даулы қарым-қатынасы оң шешімін таба бастағанын дәлелдейді.

Түскен өтініштердің 40 пайыздан астамы оң шешімін тауып, ал қорғалған құқықтардың жалпы сомасы 111,3 млрд теңден асты. Бірқатар айыппұлдар мен өсімпұлдар жойылып, контраагенттердің келісімшарттық міндеттемелері орындалды, мүлік қайтарылды және хабарламаның күші жойылып, осының нәтижесінде әрбір екінші кәсіпкер «Атамекен»-ге жүгіне отырып, өз мәселелерін шеше алды.

Жыл сайын бизнес үшін сақтап қалған мүліктің сомасы екі еселеп артып келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2014 жылдан бері ол 8,4 млрд теңгені, 2015 жылы – 14,4 млрд теңге, 2016 жылы – 28,9 млрд теңге, ал 2017 жылы бұл сома рекордтық 45,2 млрд теңгеге жетті. 2018 жылдың І тоқсанында сақтап қалынған мүліктің сомасы 14,4 млрд теңгені құрады.

Бизнес-омбудсмен – бизнеске тиімді көмек
Кәсіпкерлер құқығын қорғау саласындағы жұмысты 2016 жылы ҚР Бизнес-омбудсмен институты күшейте түсті. 19 ақпанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл етіп Болат Палымбетовті тағайындады. Бизнес-омбудсменнің аппаратына Ұлттық палатаның құқықтық блоктары мен аймақтар енеді. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жүйесі 330 маманнан тұрады.

Институт құрылған сәттен бастап Болат Палымбетов еліміздің барлық аймағын аралап шықты Сапар барысында екі мыңнан астам кәсіпкер бизнес-омбудсменнің жеке қабылдауында болып, облыстардың әкімдері және прокурорларымен кездесулер өтті.

2016-2017 жылдары бизнес-омбудсменннің аппараты 12400 арызды қарастырған. Қазақстандық кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделері де халықаралық аренада талай мәрте көтерілді. 2017 жылдың қыркүйегінде Қазақстан және Ресей бизнес-омбудсмендерінің алғашқы форумы өтті. Оған РФ 40 аймағынан өкілдер қатысты. Форумда өзара көмек және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Мұнан бөлек, бизнес-омбудсмен ҚР Президенті жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның және ҚР Президенті жанындағы саяси құқық жөніндегі кеңестің жұмысына қатысады.

Жемқорлықтан қорғанудың жаңа мүмкіндіктері
Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі инвесторларды әкімшілік қысым мен кез келген жемқорлық белгісінен қорғаудың бағдарламасын әзірледі. «Инвесторларды жемқорлыққа қарсы алып жүру» жобалық кеңсесі форумға қатысушыларға  «Заңның үстемдігі – Қазақстан экономикасын тұрақты дамытудың кепілін» ұсынды.  Бұл форум «Атамекен» ҰКП-ның V съезіне орайластырылып жасалды.

Аталған жоба қолайлы инвестициялық ахуалды құруға, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік  институттарына деген сенімін  арттыру, еліміздің шетелде жағымды имиджін қалыптастырға негізделген.

Агенттіктің жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Данияр Сабырбаев МҚДА және СЖ  еліміздің экономикасына әртүрлі өндірістік және әлеуметтік құрылыс салуға ынта білдерген  кез келген инвесторды қорғауға дайын екенін айтты.

«Жобаға қосылу өте оңай. Ең басты шарт – өз бизнесін жүргізуде жемқорлықтан жүз пайыз бас тарту. Бұл ретті инвестор агенттік желісі арқылы жемқорлыққа қарсы толық қорғау алады», – деп атап кетті Данияр Сабырбаев.

Бұл ретте ол  агенттіктің «Атамекен» одағымен бірлесіп бес жыл бойы жасаған талдау барысында  бизнес өкілдерінің пара беруге бастама жасауының жеті негізгі белгісі анықталғанын айтты.

«Біздің басты мақсатымыз – мемлекет, бизнес, тұтынушы мүддесінің тепе-теңдігі. Мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпкерлерден өтінерім, барлық жұмыс бизнестің табысын арттыруға бағытталуға тиіс, бірақ сіздердің жұмыстарыңыз бен бизнестің жұмысы тұтынушы мен мемлекетке шығын әкелмеу керек. Жобаны бастап жатқанда инвестор тек миллион теңге төлейді, оны біз барлық жемқорлық шығындарынан жүз пайыз қорғауға кепіл береміз. Жобаға қатысушыларға ұсынып отырған ең басты шартымыз – бұл жемқорлық белгісі бар инвестициялық жобадан бас тарту», – деді Данияр  Сабырбаев.

Оның айтуынша, жобаны іске асыру тетігі – инвестордың агенттікке өтініш беруі, жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге келісім беруі және «Инвесторларды жемқорлыққа сүйемелдеу» жобалық кеңсесінің барысында қолдаумен қамтамасыз ету.

«Атамекен» ҰКП-ға арналған құттықтаулар барлық өңірден келіп түсіп жатыр. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылым  атқарылған жұмыс пен көмекке алғыстарын білдіруде. Бизнес қиындығын бірге жеңу жеңілірек!

Саян Абаев