RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-0.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
«Цифрлық Қазақстанға» ақша жетпеуі мүмкін

«Цифрлық Қазақстанға» ақша жетпеуі мүмкін

Алайда билік «цифрландыруға» көшудің арқасында 2022 жылға қарай 300 мың жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.

«Цифрлық Қазақстанға» ақша жетпеуі мүмкін, цифрландыру, Цифрлық Қазақстан, АКТ, бюджет, жұмыс орны, ШОБ, интернет

1016 14 Қараша 2018 14:58 Автор: Аскар Муминов

2022 жылға қарай елдегі мемлекеттік қызмет көрсетудің 80%-ы электрондық форматқа көшіп, ал еліміз БҰҰ-ның ақпарттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту бойынша әлемдік рейтингісінің үздік отыздығына кіруге тиіс. Шенеуніктер мұндай жоспарды «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында жасаған, алайда сарапшылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға ақша мүлдем жетпейді деп отыр.

Қолданбалы экономика зерттеу орталығы Қазақстанда АКТ-ны дамытудың келешегі мен мәселелері зерттелген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы әлеуметтік-экономикалық жағдай» деген баяндама жасады.

Онда бағдарламаны іске асырудың негізгі бес бағыты – экономика саласын цифрландыру, цифрлық мемлекетке көшу, «Цифрлық Жібек жолын» іске асыру, адами капиталды дамыту, инновациялық экожүйені құру сөз болды.

Бағдарлама республикалық бюджеттен 141 млн теңге, ал квазимемлекеттік сектордан 169 млрд теңге қаржыландырылады деп болжанып отыр. Осылайша, жалпы бюджет 310 млрд теңгені құрайды немесе 400 млн доллардан сәл асатын болады.

Болжам бойынша, Қазақстанды цифрландыру нәтижесінде 2022 жылға қарай 330 мың жаңа жұмыс орны құрылуға тиіс.

Отыздыққа кіру
Цифрландырудың есебінен 2025 жылға қарай экономикада 1,7-2,2 трлн теңге қосымша құн пайда болу керек, ал Қазақстан БҰҰ-ның АКТ-ны дамыту бойынша әлемдік рейтингісінің үздік отыздығына енуге тиіс. Цифрландырудың Қазақстандағы экономиканы қарқынды дамытудың үлесі 2025 жылға қарай 1,6-2,2%-дық көрсеткішті құрау керек.

2022 жылға қарай Қазақстанның бес қаласы «ақылды» қалалар жаһандық рейтингтерінің біріне кіруге тиіс.

Қазақстандағы цифрландыруды бюджеттік қаржыландырудың жоспарлы көлемі 2018 жылы 21,5 млрд теңге, 2019 жылы 33,1 млрд теңге, 2020 жылы 59,7 млрд теңге және 2021 жылы 26,5 млрд теңге болады деп бағаланып отыр.

Тап қазіргі уақытта елдегі АКТ-ға жұмсалатын шығындар құрылымы төмендегідей, яғни бөгде ұйымдар мен IT-саласы мамандарының қызметін төлеу– 52%, бағдарламалық қамтамасыз ету – 37%, АКТ-ны дамыту мен қолдануға мамандарды оқыту – 6% және ұйымдарда бағдарламалық қамтамасыз етуді өздігінен әзірлеу – 5%.

Экономиканың салалары бойынша АКТ-ға арналған шығындар құрылымының қазіргі көрінісіне тоқталар болсақ, онда ол саудада – 31,1%, ақпарат және байланыста – 12,9%, өңдеуші өнеркәсіпте – 8,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 8,8%, құрылыста – 8,4%, кәсіби ғылыми мен техникалық қызметте – 8%, жалпы сипаттағы мемлекеттік басқаруда – 7,2%, көлік және қаттауда – 5,6%, ауыл шаруашылығында – 0,3%, қалған салаларда – 8,8%.

Сарапшылар Қазақстандағы цифрландыруды техникалық жабдықтау толығымен импорттық тауарлар есебінен жасалатынын айтып отыр. Бұл ретте компьютер мен оған байланысты жабдықтар бойынша жеткізудің айтарлықтай өскенін байқауға болады.

Шығындар шектеулі
Зерттеудің негізгі қорытындысы тап қазіргі уақытта елімізде цифрлық технологияны дамытуда ең басты жылдамдатушы мемлекет екенін көрсетті. Елдегі цифрландыру шығындары шектеулі сияқты көрінеді, ал АКТ-ны дамыту қарқыны елдегі қазіргі экономикалық даму деңгейіне сәйкес келеді.

Экономиканың жоғары еңбек өнімділігі салалары Қазақстанның нақты секторын цифрландыруда көшбасшы. Сонымен қатар нақты сектор кәсіпорындарының цифрлық технологиялары электронды коммерциялық қызметке қарағанда, көбінесе мемлекеттік органдармен жұмыс жұмыс істеу үшін қолданылады.

Сонымен бірге компьютерлік сауаттылық пен АКТ-ның елдегі халық арасына ену дәрежесі жоғары деңгейде, алайда халық арасындағы IT-саланың дамуы негізінен ұялы телефон мен ұялы байланыс есебінен дамуда.

Бүгінгі таңда халық интернетті тек көңіл көтеру мен демалу үшін ғана қолданады, ал азаматтық процестерге қатысу үшін аз қолданады.

Мемлекет тек арзан ақшаның көзі ғана емес
«Цифрлық Қазақстан» жобасының келешегі қандай және оны іске асыру үшін не кедергі болуы мүмкін екендігі жайлы аbctv.kz зерттеу авторы, қолданбалы экономика зерттеу орталығы директорының орынбасары ОлжасТөлеуовпен сөйлесті.

Оның айтуынша, Қазақстанның ЖІӨ-дегі АКТ-ға кететін шығынының үлесі ICT Development Index рейтингісіндегі жоғары орындарда тұрған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Сонымен қатар мемлекет 2018-2020 жылдар аралығында бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджет пен квазисектордан 310 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл тек бір 2017 жылы АКТ-ға кеткен шығыннан сәл ған аз. Осы арада ол 2017 жылы АКТ-ны дамытуға 350 млрд теңге жұмсалғанын айтты.

Осыған қарап, бағдарламада көрсетілген барлық мақсатқа барынша жету үшін тек осы шығын жеткіліксіз деп қорытынды жасауға болады.

Сарапшы бұл жағдайда мемлекет елдегі АКТ-ны қаржыландыру үшін тек тегін немесе арзан ақшаның көзі ғана емес, жеке сектор өздерінің басым «цифрлық» мақсаты үшін өз қаражатын жұмсайтындай қолайлы жағдай жасауға барынша күш салу керек.

ШОБ-қа «цифрландыру» әлі жеткен жоқ
Тағы бір маңызды мәселе – ауылдық жерді цифрландыру. Олжас Төлеуов елдегі ауылдық жерді цифрландырудың техникалық жоспарында тек смартфондар мен ұялы интернет қана ұсынылғанын атап кетті.

Ал бұдан басқа технологиялар ол жақта дамымаған. Бұл ретте, ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, ауыл тұрғындарының компьютерлік сауаттылығы қала тұрғындары көрсеткішіне қарағанда шамалы қалыс қалатынын көрсетті.

«Әлемдік ICT Development Index рейтингісінде 30-орын деген, менің ойымша, жақсы бағдар, яғни Қазақстанда АКТ-ны дамытуға бағытталған барлық күштерді жинақтау мен анықтаудың таргеті», – деп түсіндірді спикер.

Дегенмен сарапшы бұл орындалатын міндет екенін айтты. Оның сөзінше, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамудың деңгейі бойынша Қазақстанмен тең келетін әлемнің басқа елдері «цифрландыруды» барынша дамыту үшін аянбайды. Ал біздің елге бас-аяғы екі-үш жылда ICT Development Index рейтингісіндегі өз позициясын жақсарту оңай болмайтыны анық.

Олжас Төлеуов экономиканың жоғары еңбек өнімділігі салалары Қазақстанның нақты секторын цифрландыру да көшбасшы екенін атап кетті.

Сарапшының сөзінше, жоғары еңбек өнімділігі кәсіпорындарға үлкен кіріс табуға мүмкіндік беретінін, сәйкесінше, бұл кәсіпорындар АКТ-ға көп қаражат жұмсай алатынын көрсетеді. ШОБ құрылымына цифрландыру өте баяу еніп жатыр. Бұдан Қазақстанда е-коммерцияның қаншалықты дамығанынан көруге болады деп есептейді сарапшы.

«Төменнен жоғары» қағидасы бойынша
Қазір нақты сектордың барлық кәсіпорнының тек 1,44%-ы ғана тапсырысты интернет және басқа да арнайы желі арқылы алады. Е-коммерциярның қарқынды дамуына кедергі болып отырған негізгі фактор – бұл қазақстандық өндірушілер мен үй шаруашылығының өзіне тән салт-дәстүрі мен болмысы болып отыр деп атап кетті спикер.

«Цифрландыру әлеуметтік-мәдени сияқты экономикалық және технологиялық үрдіс екеніне сенімдімін. Ол керісінше емес, «төменнен жоғары қарай» қағидасы бойынша жүру керек. Егер экономикалық агент мұның тап қазір қажеттілігін көріп отырмаса, онда экономикалық агенттерді цифрландырудың барлық игіліктерін пайдалануға мәжбүрлей аламаймыз», – деді Олжас Төлеуов.

Оның сөзінше, цифрландыру мемлекет тарапынан жалықтыратын ұсыныстың нәтижесі емес, сұранысқа итермелейтін «өнім» болуға тиіс.

Сарапшы Қазақстандағы цифрландырудың басты тұжырымдамалық мәселесі осы деп отыр. Оның айтуынша, мемлекеттің күші азаматтар мен бизнес цифрлық технологияларға деген сұранысты өздігінен қалыптастыратындай етіп тиісті жағдай жасауға бағытталу керек.

Асқар Момынов

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK