"Даму" және "Бәйтеректің" құралдары мен нәтижесі

Марат Каирленов Марат Каирленов
11214

Мемлекеттік қорлар ШОБ-ты қолдауға қаражатты қаншалықты тиімді қолдануда.

"Даму" және "Бәйтеректің" құралдары мен нәтижесі

Дағдарыс жағдайында маңызды мәселелердің бірі мемлекеттік басқару сапасын арттыру және экономикадағы жаңа "өсу нүктелерін" қолдау болып табылады. Бұл мәселелердің тоғысатын жері -"Бәйтерек"  мемлекеттік холдингі және оның еншілес компаниясы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры. Олардың жұмысына жасалған сараптама қорытындысы мемлекеттік қолдау құралдары бойынша Қор қаражатының ағымдағы аллокациясының тиімсіз екенін көрсетті. Салдарын емес, мәселенің өзін шешу қажет, ал бұның барлығы Қор және оның бас компаниясы "Бәйтерек" мемлекеттік холдингі қолында.

Ағымдағы "Даму" қорымен игерілген мемлекеттік қолдау қаражатының құрылымын қарастыра отырып, қаражаттың  60%-ын (200 млрд. теңгені) "Даму" қоры банктердегі талап ету депозиттеріне ( 1-кестені қарау) салғанын атап кету қажет. Солардың есебінен  соңғы бірнеше жылдарда банктер 264 млрд. теңгеге  несие берген, яғни олар бойынша  мультипликатор ( мемлекеттік және жеке қаражаттың ара салмағы) 1,3 есені құраған. Бұл ең жоғары бағалау, өйткені банктер осы қосымша 64 млрд. теңгенің және мерзімінен бұрын жабылған немесе қысқа мерзімді несиелерді жабудан түскен пайыздар есебінен жартысын беруі де мүмкін еді. 

1 кесте. "Даму" КДҚ арқылы ШОБ мемлекеттік қолдаудың көлемі және құралдары, млрд. теңге 

 

 Мемлекеттік қаражат

 Құрылым

 Барлық берілгені

Мультипликатор

 Өңдеу өнеркәсіптерін

Қолдау

(ЕДБ талап ету депозитері)

200,0

60%

264,0

1,3

Мөлшерлемені субсидиялау

123,8

37%

1 426,1

11,5

Кепілдер

10,0

3%

58,3

5,8

 3-құрал бойынша орташа өлшем

333,8

100%

1 748,4

5,2

 2-құрал бойынша орташа өлшем

133,8

 

1 484,4

11,1

Дереккөзі: автордың "Даму" КҚҚ мәліметтері бойынша есептеулері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші құрал- мөлшерлемелік пайызды субсидиялау, 37% қаражатты  немесе 123,8 млрд. теңгені "алдым", бірақ 1,4 трлн.теңгеден артық беруді қамтамасыз ету. Ол бойынша мультипликатор 11,5 құрады ( қаржы есебінсіз, несие біткенге дейін төлеу керек болады, яғни 3-4 есе артық төлеу)! Ақыры, 3%-ға жуық немесе  10 млрд. теңге қордың кепіліне берілді. Аталған құрал бойынша мультпликатор  5,8 есені құрады. Жалпы мемлекеттік қолдаудың барлық пакеті бойынша мультпликатор 5,2 есені құрады, алайда егер қор мөлшерлік пайыздық субсидиялау және несие бойынша кепілге тоқталған болса, бұл көрсеткіш екі есеге, яғни, 11,1 өсетін еді.   

Құралдардың тиімділігі мемлекеттік қолдау  шағын және орта бизнес субъектілері  санына жасалған сараптама арқылы жақсырақ көрінеді ( 2 кестені қарау). Сонымен, "Даму" қоры қаражаттың 60%-ын "Талап ету депозиттеріне" жұмсап, 13% мемлекеттік қолдауды кәсіпорындарға 37% қаржыны 69%-ды кәсіпорындарды мөлшерлемені субсидиялау бағыты есебінен және 3% кепілдер бойынша шығындар есебінен ШОБ -тың 18% субъектісіне қолдау көрсетті. "Даму" КДҚ қаражатын дұрыс қолдану арқылы 10,7 мың емес, одан да көп он мыңдаған қолдау жасауға болар еді, ал құрылған жұмыс орындары жүз мыңға жетер еді. Осылайша, отандық экономиканың дамуының және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы болуға болады. 

 2 кесте. "Даму" КДҚ-ның әр түрлі құралдары арқылы мемлекеттік қолдау алған ШОК субъектілерінің саны

Құралдар

 ШОК субъектілерінің саны

 

           Үлесі

  ШОК субъектілерінің санында

 Бағытталған қаржыда

 ЕДБ талап ету депозиттері

1 353

13%

60%

Мөлшерлемені субсидиялау

7 419

69%

37%

Кепілдер

1 918

18%

3%

Барлығы

10 690

100%

100%

Дереккөзі: "Даму" КДҚ мәліметтері бойынша автордың есептеулері

Бұдан жақсы тиімді қолдауға негізгі кедергі- "Даму" қоры мен "Бәйтерек" мемлекеттік холдингінің мәселенің өзін емес, оның  салдарын шешуі.

ШОБ несиелеудің төмендеуі мәселесін қарастыра отырып, банктер, негізінен, екі мәселе-ұзақ мерзімді қор жинау және тәуекелі төмен жобалардың, яғни, кепілі жақсы несиелердің жоқтығы туралы сөз қозғайды.   Бұл мәселелерді отандық мемлекеттік менеджерлер ШОБ несиелеу үшін ұзақ мемлекеттік қаражат (0,2 трлн. теңге-талап ету депозиттері) пен  мемлекеттік кепілдер(0,01 трлн. теңге) ұсыну арқылы шешуде.

Осы мезетте Ұлттық банк банктердің өтімділігі жоғары қатаржатттары- 2,5трлн. теңгені әр түрлі құралдар арқылы "байланыстырады".  Банктер өтімділігі жоғары қаражаттардың үлкен көлемін өздерінің мерзім бойынша активтері мен пассивтері арасындағы үлкен алшақтықта ұстауға мәжбүр. Бұл мәселені тұрақты қаражат-мемлекеттік депозиттер үлесін арттыру есебінен шешуге болады, алайда дағдарыс және тапшылық жағдайында бюджеттің ақшасы бұған жетпейді. Мұны несиелерді секьюрттеудің дамуының есебінен жасау оңай және арзан. Мұны барлық дамыған елдер белсенді қолдануда. Мысалға, АҚШ-та шағын бизнесті дамыту бойынша федеральды агенттіктің белсенді  қолдауы арқасында ШОБ-тың секьюрттелген несиелердің жыл сайынғы көлемі 1985жылдан бастап тұрақты өсуде және қазір жылына 36 млрд. долларды құрайды. Еуропалық одақта аталған бағыттың дамуымен немістердің KfW тәжірбиесі бойынша еуропалық инвестициялық банк айналысады, 2014 жылға секьюрттеу көлемі 33 млрд. еуроға артқан. Петербургте болған экономикалық форумда РФ ОБ төрайымы Эльмира Набиулина Ресейде шағын бизнеске несиелерді секьюрттеу бойынша бірінші келісімдерді іске қосу үшін үлкен жұмыс жасалғанын айтып кетті. 

Жоғарыда айтқанымыздай, біздің елде бұл мәселені басқаша шешуде. Ресурстардың барлығы мен мақсатты тағайындалуына қарап "Даму" КДҚ-дан және "Бәйтерек" мемлекеттік холдингінен осындай шешімдерді іске асыруды күтуге болады. Дәл осы кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік агенттіктер  2000-2006  жылдардағы Қазақстандық ипотекалық компанияның ұқсастығы бойынша аталған келісімдерде  несиелерді және кепілдерді "жинақтаушы"  ретінде болған. Алайда жағдай әзірге өзгерген жоқ. Соған қарағанда әзірше ақшаларды депозитке салып, есеп жаза салған оңайырақ сияқты.

Басқа бағыт несие бойынша мемлекеттік кепілдеме құралын дамыту болып табылады. "Даму" КДҚ аталған құралды 6 жыл қатарынан қолданып келеді, алайда соншалықты дамуға қол жеткізген жоқ (1 суретті қарау). Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің тәжірбиесін қарастыра отырып, біздің елдегі мемлекеттік кепілдемелер көлемінің өте төмен екенін айтуға болады (1 суретті қарау). Португалия (24 есе ) немесе Италия (28 есе) сияқты дамыған елдерді айтпағанда, Болгария көрсеткішінен 2,6 есе және орташа маңызы бар ОШЕ елдері бойынша 7,8 есеге төмен. Бұған себептер көп, ол кепілдемелер беру барысында тәуекелдерді бағалау технологиясының жетілмеуінен бастап, оларды беру барысындағы жемқорлыққа дейін көрінеді, алайда, бұл көп жағдайда субъективті себептер.

Жалпы, ағымдағы дағдарыстың дамуы мемлекеттік шығындардың тиімділігін, әсіресе, ШОБ дамыту сияқты маңызды саланы едәуір арттыруды  талап ететіні анық. Жаңа уақыт жаңа шешімдерді талап етеді, егер "бұрынғыша" отыра берсе, онда дағдарыста тереңдеп ене береді.

Марат Каирленов, экономист

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу