banner

"Қазақстан Барысы": финалға шыққан Түйе балуандар

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
5329

1 шілде күні қазақ күресінен "Қазақстан Барысы – 2018" республикалық турнирі өтеді. "Барыс-Арена" төрінде 35 балуан бақ сынайды.  

"Қазақстан Барысы": финалға шыққан Түйе балуандар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін сегізінші рет өткізілгелі отырған жалпыұлтық жобаның финалында 35 балуан белдеседі. Іріктеу кезеңі мамыр айының ортасына таман аяқталған. Еліміздің 16 аймағында (14 облыста және Астана мен Алматы қалаларында), сондай-ақ әскерилер арасында өткен електік турнирлерде бірінші және екінші орын алған балуандардар финалға жолдама алды.

Сонда, аймақтық-електік сындардың үздіктеріне (16 х 2 = 32) "Әскер Барысы" майталмандарын (финалда белдескен екеуін) қоссақ, 34 балуан болады. Бұған "Қазақстан Барысы – 2017" жеңімпазын қосамыз. Өйткені, ереже бойынша былтырғы чемпиондық белбеу мен "Тайтұяқ" иегері биыл іріктеу сынына қатыспай, бірден финалға шығады.

Мамыр айы бел ортасынан ауғанда финалға шыққан балуандар медициналық тексеруден өтіп, допинг сынамалар тапсырып, фото және бейне түсірілімдерге қатысқан. Содан бері ұйымдастырушылар әр балуанды жеке-жеке таныстыруға көшті. Ал сом білекті Түйе балуандар 1 шілде күні өтетін финалдық белдесулерге дайындалып жатыр.

Айтпақшы, ұйымдастырушылардың жанкүйерлер үшін дайындап отырған бағалы сыйы бар. Биыл да көрермендер арасында автокөлік ойнатылады. "Қазақстан Барысы – 2018" финалына билет сатып алып, еліміздегі ең балуандардың белдесулерін "Барыс-Арена" спорт кешенінен тамашалаған көрермендердің бәрі де "темір тұлпар" ұтысына қатыса алады. Үр жаңа, ақ шаңқан "Renault Logan" көлігі өз иесін аталмыш аренада күтіп тұрған көрінеді.

Енді биылғы "Қазақстан Барысы" турнирінің финалында белдесетін балуандар тізімімен таныс болыңыздар:

1. Еламан Ерғалиев ("Қазақстан Барысы – 2017" жеңімпазы)

2. Айбат Сейтен (Астана қаласы)

3. Айтуар Абдулов (Астана қаласы)

4. Дәурен Нұралинов (Алматы қаласы)

5. Руслан Әбдіразақов (Алматы қаласы)

6. Мереке Тұрашев (Ақмола облысы)

7. Қайрат Махтин (Ақмола облысы)

8. Әділет Мисин (Ақтөбе облысы)

9. Еламан Қойшыбаев (Ақтөбе облысы)

10. Ұлан Рысқұл (Алматы облысы)

11. Александр Касачев (Алматы облысы)

12. Арман Қалиев (Атырау облысы)

13. Бекболат Салықов (Атырау облысы)

14. Темірлан Көлбай (БҚО)

15. Асқар Нұрмұханов (БҚО)

16. Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)

17. Айдос Теңгебаев (Жамбыл облысы)

18. Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы)

19. Ерсін Мұxамеджанов (Қарағанды облысы)

20. Рамиль Шарыгин (Қостанай облысы)

21. Темірлан Сапаров (Қостанай облысы)

22. Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы)

23. Мақсат Исағабылов (Қызылорда облысы)

24. Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау облысы)

25. Күнәлем Ержанов (Маңғыстау облысы)

26. Ерсұлтан Мұзаппаров (ОҚО)

27. Бейбарыс Әбдіғани (ОҚО)

28. Арман Махамбетов (Павлодар облысы)

29. Серік Сәлменов (Павлодар облысы)

30. Мұхит Тұрсынов (СҚО)

31. Алтынбек Аусағитов (СҚО)

32. Айбек Нұғымаров (ШҚО)

33. Мақсат Мәзібаев (ШҚО)

34. Ерасыл Қажыбаев (Әскер Барысы)

35. Әлібек Зекенов (Әскер Барысы)

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу