"Тұлпар-Тальго" зауытында тверьлік вагондар шығарылатын болады

3262

Ресейлік вагондарды жерсіндіруді испандық технология бойынша қол жеткізілген 36%-дан 50%-ға жеткізу көзделуде.

"Тұлпар-Тальго" зауытында тверьлік вагондар шығарылатын болады

"Тұлпар-Тальго" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы "Ремлокомотив" АҚ-ның қатысу үлесінің 99,99926%-ын "Трансмашхолдинг"-тің сатып алуы өндіріс технологиясына әсер етпек. Енді испандық вагондардың орнына ресейлік вагондар шығарылатын болады. Аbctv.kz-тың ресми сауалына жауап берген "Қазақстан темір жолы" компаниясы келісім жабылу сатысында деп хабарлады. Бұдан бұрын зауыт акциясының 99%-ын "Трансмашхолдинг" 23 млн еуроға сатып алғаны белгілі болған еді.

Еске салар болсақ, зауыт Қазақстанға 1 мыңнан астам жолаушылар вагонын ұсынатн болады деп айтылған. Сонымен қатар теміржол мемлекеттік компаниясы Астанадағы "Тұлпар-Тальго" ЖШС зауытында 1,2 мың вагонды "Тверь вагонжасау зауыты" ААҚ-ның технологиясы бойынша шғару жоспарланып отырғанын хабарлады. Ресейлік және қазақстандық бөлшектерді пайдаланып, жерсіндіру деңгейін 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр деп нақтылады "Қазақстан темір жолы".

1,2 мың вагонды өндіру тоғыз жылға қарастырылып отырғанын атап кету керек. "Тұлпар-Тальго"-ның акционерінің өзгеруіне байланысты зауытта жұмыс істейтін адамдар санын қысқарту жоспарлануда. Белгілі болғандай, жолаушылар вагондарын қаржылық лизинг арқылы республикалық бюджеттен қарыз ақша алу есебінен сатып алу қарастырылып отыр.

Тап қазіргі уақытта "Тұлпар-Тальго" ЖШС-дағы испандық технология бойынша жолаушылар вагондарын шығару бойынша жерсіндіру деңгейі 36%-ды құрайды.

Жалпы 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде "Тұлпар-Тальго" ЖШС-ның 614 вагоны сатып алынған, оның ішінде жыл бойынша қарайтын болсақ, 2012 жылы – 52, 2013 жылы – 160, 2014 жылы – 71, 2015 жылы – 153, 2016 жылы – 116, 2017 жылы 62 бірлік сатып алынған.

Испандық технология бойынша шығарылған жолаушылар вагоны кейін "ТМХ" сатып алған "Тұлпар-Тальго"-да жөндеуден өтеді ме деген сауалға түсініктеме берген компаниядағылар ол вагондарға Patentes Talgo компаниясының Астана мен Алматыдағы филиалдарындағы арнайы бекеттерде техникалық қызмет көрсетілетіні айтылды.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу