​Ұлттық банк базалық мөлшерлемені шегендеп, "дәлізді" сақтауға күш салады

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2149

Ақша-несие саясатын жұмсарту кейінге қалдырылды.

​Ұлттық банк базалық мөлшерлемені шегендеп, "дәлізді" сақтауға күш салады

Ұлттық банк инфляциялық тәуекелдердің артуы барысында дәлізді +/-1% шамасында сақтай отырып, базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) сауалына жауап берген сарапшылардың көпшілігі (84,6%) Ұлттық банктің бүгінгі шешімін қорытындылай келе, басты мөлшерлеме қазіргі жылдық  9% деңгейінде сақталатынын айтты.

"Жылдық инфляцияның мамыр айындағы 6,2%-ға қарағанда маусымда 5,9%-ға дейін төмендеуі базалық мөлшерлемені төмендетуге қатысты оң шешім жасауға көмек бола алмады. Алдағы қысқа- және орташа мерзімде, әсіресе, сыртқы сектор мен бюджеттік саясат тарапынан инфляциялық тәуекелдердің іске асу мүмкіндігі биылғы жылы ақша-несие саясатын жеңілдету әлеуетін шектейді", – деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банк бағалауына сай инфляцияның төмендеуді жалғасуда. Алайда статистикалық есептеуде ескерілетін былтырғы жылдың үшінші тоқсанында инфляция деңгейінің жоғары болмауынан, жылдық инфляция биылғы жылдың соңына дейін айтарлықтай төмендемейді.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, экономикалық белсенділік жоғары деңгейде қалып отыр. Қысқамерзімді экономикалық көрсеткіш қаңтар-мамыр айында жылдық көрсеткіште 5,1%-ды құрады. Экономиканың барлық негізгі салалары өсіп жатыр және өсу көрсеткіштер өздерінің ықтимал шамасынан жоғары. Көрсеткіштер экономикаға инфляциялық қысым енгізетін ішкі тұтынушылық және инвестициялық, сондай-ақ сыртқы   жиынтық сұраныстың ұлғайғанын қолдауда. Ұлттық банк тұтынушылық жиынтық сұраныстың ұлғаюын қамтамасыз етуді жалғастыратын факторлардың бірі – бюджеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығында деп есептейді.

Ұлттық банк сыртқы факторлардың тұрақсыздығы мен инфляциялық тәуекелдердің туындау ықтималдығы барысында инфляциялық болжамдарды ырықтандыру мақсатында ақша-несие шарттарының бұдан да күшейіп кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ақша-несие саясатының операциялық бағдары – TONIA көрсеткішінің базалық мөлшерлеменің пайыздық шамасының төменгі шегіне жақын екенін ескере отырып, Ұлтық банк ақша-несие реттелуінің операциялық тиімділігін арттыру мүмкіндігін қарастырады. 2018 жылдың екінші жарты жылдығында дәліз шегін тарылтудың орындылығы мәселесі қаралатын болады.

Еске салар болсақ, маусым айында соңғы рет мөлшерлемені төмендеткенде реттеуші макроэкономикалық тәуекелдердің күшеюіне тоқталған болатын. Негізінен, нақты инфляция қарқыны төмендеуінің баяулауы, орташамерзімді келешекте инфляциялық тәуекелдердің болу ықтималдығының өсуі бар. Инфляциялық болжамдарды және алдағы уақытта оның төмендеуін басқару мақсатында Ұлттық банк сол кездің өзінде ақша-несие саясатын күшеюі мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.

"Биылғы және келесі  жылдың соңына дейін инфляцияның төмендеу қарқынын шектейтін негізгі тәуекелдер – бұл азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі, Қазақстанның сауда серіктестері тарапынан инфляция импорты, сондай-ақ тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың артуынан ішкі тұтынушылықтың өсуі", - деп көрсетілген Ұлттық банктің 4 маусым күнгі базалық мөлшерлемені соңғы рет түсірген кездегі хабарламасында.

Келесі күні Ұлттық банк жұртшылыққа инфляциялық болжамға қатысты кезекті хабарламаны ұсынды. Осының негізінде реттеуші ақша-несие саясаты, сонымен қатар базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша шешім қабылдайды.

Кезекті "2018 жылдың мамыр-маусымы" болжамдық раунды Ұлттық банк базалық сценарий ретінде болжамдық кезеңде мұнай бағасының бір баррелі 60 доллар шамасында болатынын қарастырып отырғанын көрсетті. Ұлттық банк болжамына сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляция 2018 жылы 5-7% мақсатты дәліз шамасында болады, ал 2019 жылы 4-6% шамасынжағы жаңа мақсатты дәлізге шығады, сонымен қатар жоғары шегкке жақын шаманы сақтап қалады. Алдындағы "2018 жылдың ақпан-наурызы" болжамымен салыстыратын болсақ, онда инфляция артқан. 

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу