200 мыңнан аса қазақстандық үшінші адамдар арқылы бәс тігеді – депутат

498

Мәжілісте ойын бизнесі, лотерея қызметі мәселелері бойынша заң жобасы қаралып жатыр. 

200 мыңнан аса қазақстандық үшінші адамдар арқылы бәс тігеді – депутат Фото: freepik

Қазақстанда жасөспірімдер арасында лудомания дертімен емделіп жатқандар тіркелмеген. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"25 жасқа дейін осы құмар ойындарға қатыстырмауға қатысты жауапкершілік қарастырылған. Бұл норма өте дұрыс деген ойдамын. Оны қолдаймын. Дәл қазір 21 жасқа дейін осындай шектеу бар. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 200 мыңнан аса адам үшінші адамдар арқылы бәс тігеді екен. Оқушылардың арасында да бұл мәселе әлеуметтік проблемаға айналды", - деді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Депутат мәселе бойынша мысал келтірді.

"Мәселен, екі кейс бар. Бірі – 9-сынып оқушысы, екіншісі 11-сынып оқиды. (Олар) осы дертке душар болды дейік. Екеуі де емделіп жүр. 10 айға жуық емделеді. Олар емтиханды қалай тапсырады. Оқу процесі қалай ұйымдастырылып, реттеледі? Олардың 9-сыныпты немесе 11-сыныпты аяқтағаны туралы құжатты алуға құқығы бар ма, жоқ па?", - деп сұрады халық қалаулысы Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл сұраққа Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жауап берді. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жасөспірімдер арасында лудомания дертімен емделіп жатқандар тіркелмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, лудомания бұл аурудың түрі және онымен күресудің 2 профилактикалық деңгейі бар. Бірінші деңгей – жасөспірімдердің осы дертке ұшырамауының алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Екінші – осындай тәуелділікке барған балалармен психологиялық жұмыстарды жалғастыру", - деп жауап берді ол. 

Сөзінше, білім жүйесі бірінші деңгейдегі профилактиканы атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу