9 айда "Ксеll"-дың таза пайдасы 60,6%-ға төмендеді

13690

Ұялы байланыс операторлары арасындағы баға үшін күрес-тартыс нарықта бағаның түсуіне жеткізді.

9 айда "Ксеll"-дың таза пайдасы 60,6%-ға төмендеді

Жұма күні  "Ксеll" ұялы байланыс операторларының 2016 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы аралық қаржылық және операциялық нәтижелері жарияланған болатын.

Алайда, сараптамашылардың ойынша, бұл күткен нәтижеден төмен болды. Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында компания саудасының таза көлемі 36,931 млн теңгені құрап, 13,6%-ға төмендеді, ал 2015 жылдың шілде-қыркүйек айларында компанияның таза пайдасы 42,756 млн теңге болған-ды. 

Осы арада көрсетілген қызметтен түсетін кіріс 2015 жылдың үшінші тоқсанындағы 39,612 млн теңгеден 2016 жылдың үшінші тоқсанында 35,032 млн теңгеге дейін түсіп, 11,6%-ға төмендеген. "2016 жылдың үшінші тоқсанындағы кірістің айтарлықтай азайған бөлігі дауысты байланыс сегментінен түсетін кірісте байқалады, ол екі тоқсан арасында 18%-ға төмендеп, 21,756 млн теңгені құраған. Ал мәліметтерді беру қызметі, керісінше, екі тоқсан аралығында 7,0% -ға артып, 10,749 млн теңгеге жеткен. Мәліметтерді беру трафигі 30636657 Гб-ға ( немесе бір тоқсанмен екінші тоқсан арасында 89,6%)  дейін елеулі  өскен",– деді "HALYK FINANCE" АҚ зерттеу департаментінің сарапшысы Диас Қабылтаев.

Сондай-ақ компания есебіне сәйкес, трафиктің өсуі Мб үшін төменгі тариф қызмет пакетін ұсынумен жартылай жойылғанын айтып кету керек. Ал бұл бір Мб үшін (ARMB) орташа кірістің 0,3 теңгеге (2015 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш 0,6 теңге болған) дейін төмендеуіне әкелген.

Сонымен бірге, "Кссеll"-дің қосымша қызмет көрсетудегі кірісі 20,7%-ға қысқарып, үшінші тоқсанда 2,397 млн теңге болған. Компаниядағылар мұны SMS және MMS қызметтерінен түсетін кірістің төмендеуінен деп түсіндіреді.

"BCC Invest" инвестициялық компаниясының  жетекші сарапшысы Наина Романованың мәлімдеуінше,  "2016 жылдың екінші тоқсанында кірістің төмендеуі тоқтап, тұрақталу  байқалуда".

Еске сала кетсек, екінші тоқсанда ұялы байланыс операторының таза пайдасы 36,413 млн теңгені құраған болатын. Алайда, 2016 жылдың тоғыз айында таза табыс 15,5%-ға төмендеп, былтырғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша болған 128,820 млн теңгеге қарсы 108,814 млн теңге болды.

Қызмет көрсетуден түсетін кіріс 102,558 млн теңгеге (тура бір жылда119,447 млн теңгеден) дейін түсіп,  14,1%-ға төмендеген. Компанияның табысы салық, пайыз, тозу және өтемпұлдарды төлегенге дейін, сондай-ақ бір жолғы шығындардың есебінсіз қысқарған.

Үшінші тоқсанда төмендеу 25,2%-ды (2015 жылғы 19,028 млн теңгеден 2016 жылы 14,238 млн теңгеге дейін),тоғыз айдың қорытындысы бойынша 32,8%-ды (64,725 млн теңгеден 43,503 млн теңгеге дейін) құрады.

EBITDA бойынша тиімділік үшінші тоқсанда 44,5%-дан 38,6%-ға дейін, тоғыз айда 50,2%-дан 40,0%-ға дейін төмендеген. Сонымен қатар компанияның операциялық пайдасы да үшінші тоқсан қорытындысы бойынша бір жолғы шығын есебінсіз 37,3% -ға (12,849 млн теңгеден 8,056 млн теңгеге дейін) және тоғыз айдың қорытындысы бойынша 45,2% -ға (46,304 млн теңгеден 25,384 млн теңгеге дейін) төмендеген.

Өздерін бас компанияның иесі ретінде санайтын ұялы байланыс операторларының таза пайдасы айтарлықтай қысқарған. Үшінші тоқсанда ол былтырғы жылдың осындай кезеңінің қорытындысымен салыстырғанда тіпті 71,0%-ға дейін төмендеп, 4,387 млн теңгені (2015 жылдың үшінші тоқсанынды 15,122 млн теңге) құраған. Қаңтар айынан бастап қыркүйек айының арасында да түсу едәуір болып, таза пайда 60,6%-ға (39,666 млн теңгеден 15,633 млн теңгеге дейін) төмендеген. Наина Романованың ойынша, компанияның таза пайдасының түсуі алдағы уақытта тоқтауы мүмкін.

"Бүгінгі күні нарықта ұялы байланыс операторларының қызметі тарифінің өсу үрдісі байқалады. Сондай-ақ, ұсыныстар пакеті шеңберінде арзан тарифтің қысқаруы ұялы байланыс операторларының қаржылық және операциялық нәтижелерінде оңынан  көрінетін болады",– деді сарапшы.

Сонымен қатар келешекте абоненттік база санын арттыру "Ксеll" жұмысына оң әсерін тигізуі мүмкін. "Үстіміздегі жылдың басында "Ұялы байланыс құлдығын" жоюға қарамастан, компанияға 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы барысында абоненттердің белсенді кетуін азайту ғана мүмкін болған жоқ, сондай-ақ абоненттік базаның (2016 жылдың тоқсаны арасында қолданушылардың келуі 157 мың) жоғалтқанын жартылай қалпына келтіру мүмкін болды. 2016 жылдың үшінші тоқсанының соңында абоненттік база 9,905 мың қолданушыны құрап, осы жылдың екінші тоқсанындағы 9,748 мыңға қарсы келді. Біздің ойымызша, абоненттік базаны арттыру компания үшін оң фактор болып табылатыны сөзсіз. Және компанияның нарықтың жаңа құбылысын кеңейту жолымен бейімделуі және икемдірек тарифтік жоспарды қолданудың нәтижесі болып табылады", – деді Диас Қабылтаев.

Сарапшылардың ойынша, "Ксеll" компаниясының қаржылық нәтижесі төмен болса да, күтілген дәрежеде қалыптасқан. "HALYK FINANCE" АҚ" компаниясы атап көрсеткендей, компаниялардың бұл нәтижелері - мобилді операторлары арасындағы баға үшін талас-тартыс бағаны шегіне дейін құлдыратады деген сарапшылардың болжамын растады.  

Элина Гринштейн 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу