Ақтөбеде аптап ыстық басылмай тұр

628

Апта басталғалы Ақтөбеде күн жанып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбеде аптап ыстық басылмай тұр Фото: inbusiness.kz

Ми қайнатар ыстықтан  "қашқан" тұрғындар аква-парктер мен өзен-көлдер мен жағажай жағалап кетті. Аквапаркке кіру үшін демалушылар таңнан ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болғанын айтып жатыр. Ал жағажайларда ине шаншар орын жоқ.

Сынап бағаны бүгін  +36-38 С-ті көрсетіп тұр. Көшеге шаруасымен шыққандар көлеңкеден сая іздеп, аялдамаларда да ұзақ тұрмауға тырысады.

Әдетте, шілденің шіліңгір ыстығында бала біткен субұрқақты айналсоқтап жүретін. Биыл қаладағы сұрбұқақтан сән кетті.  Бас даңғылдағысы да, орталық саябақтағысы да, ескі қаладағы сұбұрқақ та жұмыс жасамай тұр. Былтыр шаһардағы 8 субұрқақты жөндеуге қазынадан  245 млн теңге қарастырылған. Жұмыстың бәрі өткен жылдың аяғына аяқталуы тиіс еді. Алайда мердігер міндетін атқармай, қаланың атқарушы билігі оны сотқа беріп, келісім-шартты үзген. Жаңасын іздестіріп жатыр.

Ыстық күнде жағажайда демалып жатқандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жүр. Олар полицейлермен бірге суға түсуге тиым салынған аумақтарда арнайы рейд жүргізіп, ескерту жасайды.

Аптап ауа райы келесі аптаның сәрсенбісіне дейін жалғасады деп болжанып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу