Ақтөбелік диһандар төтенше жағдай жариялауды сұрайды

461

Жауын-шашынның кесірінен бидайдың сабағы өсіп, алқапты су басып, егінді жинап алу қиындық келтіріп тұр.

Ақтөбелік диһандар төтенше жағдай жариялауды сұрайды Фото: inbusiness.kz

Әйтеке би ауданындағы шаруалар тамыз айының аяғынан бері жауын-шашын толассыз жауғанын айтады. 

"22 тамыздан бері жаңбыр толастаған жоқ. Егін жинауды амалсыз тоқтатып қойдық. Бидай алқабының 20 пайызын ғана жиып алдық. Шығынымыздың қандай мөлшерде екенін әлі айту қиын. Бірақ бидайдың сапасы бүлінгені көрініп тұр. Әрі қарай экспорттар туралы айтудың өзі қиын, сатуға жарамайды. Ылғалда қалғасын, әбден бүлінді. Бидайдың масағының үстінде 10% өскін бар екені көрініп тұр", - дейді "Комсомол" ЖШС төрағасы Виктор Волынец. 

Биыл Ақтөбе облысы 440 мың га жерге тұқым сепкен. Бүгінде 44% жинап үлгерген. Ал алқабы суда қалған Әйтеке би ауданы жалпы алқаптың   25 %-ын құрайды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар биыл егінді қыркүйекте жинап үлгереміз деп жоспарлаған болатын. Алайда жоспарды жауын-шашын бұзыпты. Егін жинағы қазан айына дейін созылады. Бірақ шаруалар айтқандай, Әйтеке би ауданында төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ деп отыр. 

"Тек егін жинаудың тоқтап қалғаны болмаса, жағдай ушығып тұрған жоқ. Элеваторлар астықты қабылдап жатыр. Жаңбырдан кейін астықтың ылғалдануы жоғары, оларға кептіргішке дизель отынын  алып беру үшін министрлікке хат жолдадық. Ол шаруа бүгін-ертең шешілуі керек. Төтенше жағдай жариялауға қатысты айтсам, шаруалардың  бір-екеуі осындай мәселені көтерген. Дегенмен  оның  да өз тәртібі бар. Әзірге астықтың жағдайы орылмай қалатындай емес, жинап алатын мүмкіндігіміз бар ", - деді Ақтөбе облыстық Ауыр шаруашылығы басқармасы басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Бұған дейін Ақтөбе облысында бірқатар шаруалар егін алқабын киік таптап кеткенін айтып шағымданған болатын. Аймақта 16 мың га жерді киік отап, жарамсыз еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу