Александр Недовесов финалда

712

Илклидегі Challenger 125 турнирінің жүлде қоры 145 мың АҚШ долларын құрайды.

Александр Недовесов финалда

Жұптық сайыста Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге Илклиде (Ұлыбритания) өтіп жатқан Challenger 125 сериялы турнирінің финалына шықты. Жарыстың жартылай финалында Александр Недовесов Гонсало Эскобармен бірге бельгиялық Зизу Бергс/Жорис де Лоре жұбын 6:7 (3:7), 7:5, 10:5 есебімен жеңді. Финалда қазақстандық-эквадор дуэті Роберт Галлоуэй (АҚШ)/Джон Смитке (Аустралия) қарсы кортқа шығады.

Недвесов 2023 жылы жұптық сайыстағы алғашқы чемпиондық атағын алуға бір қадам қалды және бұл маусымдағы үшінші финал. 18 маусымда Александр Эскобармен дуэтте Нидерландыда өткен ATP 250 сериясы турнирінің чемпионы атағы үшін таласса, сәуірде португалиялық Франсиско Кабралмен Босния және Герцеговинада өткен ATP 250 турнирінің финалдық кездесуінде жеңіліп қалды.

Сонымен қатар ерлер арасында жекелей сында Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик (әлемнің 48-ші ракеткасы) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінің ширек финалына шықты.

1/8 финалдық кездесуде Бублик Германия спортшысы Ян-Леннард Штруффты (әлемнің 21-ракеткасы) жеңді. Александр үш екі сетке ұласқан кездесуде 6:3, 6:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші  келесі кездесуде Лоренцо Сонегодан басым түскен әлемнің тоғызыншы ракеткасы, италиялық Янник Синнермен ойнайды. Айта кетейік, жуырда Гертогенбос қаласында (Нидерланды) өткен жарыста Бублик Синнерден екі сетте  4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу