Александр Недовесов жартылай финалда

503

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде тамаша нәтиже көрсетуде.

Александр Недовесов жартылай финалда

Александр Недовесов Нидерландының Хертогенбос қаласында өткен ATP 250 турнирінің екінші айналымынан еш кедергісіз өтті. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге голландиялық Таллон Грикспур/Робин Хасе жұбын 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда Александр мен Гонсало аустралиялық Алекс Де Минаур/Джордан Томпсон дуэтімен кездеседі. Матч ертең 16 маусымда өтеді.

Ал жұптық сайыс бойынша еліміздің бірінші ракеткасы Анна Данилина Ноттингемде (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің алғашқы айналымын жеңіспен бастады. Ол қытайлық Сюй Йфаньмен бірге Дезире Кравчик (АҚШ)/Жиль Тейхман (Швейцария) жұбын 5:7, 6:2, 10:8 есебімен тізе бүктірді. 1/4 финалда Данилина мен Йфань Натела Дзаламидзе (Грузия) мен Сабрина Сантамарияға (АҚШ) қарсы шығады.

Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен Перуджадағы (Италия) турнирдің ширек финалына шықты. Голубев/Молчанов жұбы екі сетке созылған кездесуде Оливо (Аргентина)/Верворттан (Нидерланды) 6:3, 6:2 басым түсті.

Бейбіт Жұқаев (256 ATP) Солтүстік Америкадағы Челленджер сериялы турнирде сәтті өнер көрсетуде. Пальмес-дель-Мар (Пуэрто-Рико) қаласында өткен Челленджерде қазақстандық спортшы екінші айналымда америкалық Эван Чжуды (340 ATP) ұтты – 4:6, 7:5, 6:2. Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Жұқаев канадалық Лиам Дракслмен (617 ATP) сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу