Әлемдік теннис жұлдыздары Астанаға келеді

680

Астанада 26 қыркүйек – 3 қазан аралығында өтетін ATP 250 хард төсенішіндегі турнирге қатысатын ойыншылардың тізімі белгілі болды. 

Әлемдік теннис жұлдыздары Астанаға келеді Фото: ktf.kz

Astana Open АТР 250 турнирінің басталуына бір айдан аз уақыт қалды. ҚТФ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстан астанасындағы жарыс 2023 жылы 26 қыркүйек – 3 қазан аралығында жабық хард төсенішінде өтеді. Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында мықты ойыншылар жиналмақ. Атап айтқанда, Қазақстан ерлер теннисінің көшбасшысы, әлемнің 26-ракеткасы, Галледегі АТР 500 турнирінің жеңімпазы Александр Бублик, "Үлкен дулыға" турнирінің үш дүркін чемпионы Стэн Вавринка (Швейцария), "Үлкен дулыға" додасын бір рет ұтқан Доминик Тим (Аустрия), әлемнің 32-ракеткасы Себастьян Корда (АҚШ), рейтингте 40-орында тұрған Алексей Попырин (Аустралия) ойнайды. 
Көптеген теннис жанкүйерлері биыл Астанада турнир неге 500 емес, 250 сериясы бойынша өтеді және жартылай финал мен финалдық ойындар неге дүйсенбі мен сейсенбіге белгіленген деп сауал қояды. 2022 жылы Қытайдағы COVID шектеулеріне байланысты АТР 500 турнирін уақытша Қазақстан астанасына ауыстырды.  Қазіргі кезде Қазақстан теннис федерациясында АТР 250-дің үздіксіз лицензиясы бар, сондықтан федерация соны пайдаланады, бірақ ҚТФ болашақта  АТР 500 мәртебесіне қол жеткізу үшін белсенді жұмыстануда. Турнирдің шешуші бәсекелерінің дүйсенбі мен сейсенбіге өтуіне келсек, АТР күнтізбенің тығыздығына орай бірнеше турнирде кестені сейсенбіден сейсенбіге дейін қоюға мәжбүр болып отыр.

Жарыс рейтингісін мына теннисшілер бастайды: хорватиялық Борна Чорич (23 АТР), нидерландылық Таллон Грикспор (24 АТР), қазақстандық Александр Бублик (27 АТР), чехиялық Иржи Легечка (29 АТР), америкалық Себастьян Корда (31 АТР), аргентиналық Себастьян Баэс (32 АТР).

Турнир әлемнің 40-тан астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу