Анастасия Рыпакова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

751

Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы турнир Оңтүстік Кореяда өтуде.

Анастасия Рыпакова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: vlast.kz

Ұзындыққа секіруден әйелдер арасындағы чемпионатта Рыпакова фаворит болды. Бұған дейін Қазақстан чемпионатында ол 6,21 метрге секірсе, қыста тіпті 6,25 метр нәтижесін көрсетті. Үндістан өкілі Сусмита ғана биылғы жазғы маусымда 6,21 метр көрсеткішпен Анастасияның басты қарсыласы болды деуге болады. Ал қытайлық қарсыласы Хуан Йинг туралы ешқандай ақпарат жоқ. Себебі оның жеке рекорды немесе маусымдағы ең үздік нәтижесі беймәлім.

Өкінішке орай, Анастасия маусымдағы ең жақсы нәтижесін қайталай алмады. Оның көрсеткіші 5,85 және 5,9 метрге дейін ғана. Екінші секіруден кейін Рыпакова бұрынғысынша екінші орында болды. Бірақ кейін оны Сусмитатағы бір саты төмен жылжытты. Бірінші орынды жарыс басталған сәттен бастап, соңына дейін 6,24 метр нәтиже көрсеткен Йингинг иеленді. Рыпакованың соңғы нәтижесі – 5,9 метр. Ол өзінің ең жақсы крсеткішін соңғы мүмкіндігінде көрсетті. Ал Қазақстан қазір медальдық есепте тоғызыншы орында тұр.

Айта кетейік, Анастасияның анасы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова биыл 12 ақпанда спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады. Өскемендік спортшы үш қарғып секіруден Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары медальдарының толық жинағын иеленген. 2010 жылы Ольга Рыпакова бірден үш ірі турнирде жеңіске жетті: жабық кешендегі әлем чемпионаты – Құрлықтық кубок пен Азия ойындары. Сонымен қатар, Ольга 15 метр 25 сантиметрге секіру арқылы азиялық және өзінің жеке рекордын орнатты. Бұл жеңістер қазақстандық спортшыны әлем көшбасшыларының қатарына қосты. Ал Рыпакова 2012 жылғы Олимпиадаға турнирдің басты фавориті ретінде барды. Лондонда өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеп, тарихи алтын медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу