Анкарада екі лаңкес ішкі істер министрлігін жарып жіберуге әрекеттенді

1953

Жарылыс болған жерге қауіпсіздік күштері жұмылдырылды.

Анкарада екі лаңкес ішкі істер министрлігін жарып жіберуге әрекеттенді Фото: trthaber.com

Шабуылдан 2 полиция қызметкері жараланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты түркиялық Trthaber агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиғадан кейін аймақта дабыл қағылды.

Ішкі істер министрі Әли Ерлікая қалада лаңкестік шабуыл орын алғанын хабарлады.

Сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады.

"Бүгін сағат 09.30 шамасында ішкі істер министрлігі қауіпсіздік бас басқармасының кіреберісі алдына жеңіл коммерциялық көлікпен келген 2 террорист бомбалы шабуыл жасады. Лаңкестердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісі залалсыздандырылды. Атыс кезінде 2 полиция қызметкеріміз жеңіл жарақат алды. Лаңкестермен күрес жұмысы тоқтаусыз жалғасады", – деді министр.

Sözcü сайтының хабарлауынша, көліктің жанынан тағы бір зымыран тасығыш табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу