Апорт Молл-да 10 мыңға сауда жасап пәтер ұтып ал

1005

Қазақстандағы ең ірі сауда-ойын-сауық орталығының 14 жылдығына орай пәтер ұтыс ойыны жарияланды. 

Апорт Молл-да 10 мыңға сауда жасап пәтер ұтып ал Фото: Апорт Молл

Апорт Молл-да небәрі 10 мың теңгеге сауда жасап, чекті ұтыс купондарына айырбастай аласыз. Әр купон – жеңіске бір қадам. Жеңімпаз 23 қыркүйек - сауда-ойын-сауық орталығының 14 жылдығына орай ұйымдастырылатын мерекелік кеште белгілі болады.

Апорт Молл мұндай ұтыс ойынын бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Мысалы өткен жылы 100 купон жинаған үміткер Алматы төрінде үш бөлмелі пәтердің иесі атанды.

Сауда орталығының ұсынып отырған жаздық 80%-дық жеңілдіктер науқаны мен мектеп жәрмеңкесі арқасында купондар жинау қиынға түспесі анық. 10 мың теңгелік әр чекті бір купонға айырбастауға болады.

"Апорт" СОС кешені сіздің демалысыңыз жайлы, ал саудаңыз тиімді болуы үшін барын салады. Мұнда түрлі әлемдік брендтер мен Қазақстанның үздік электроника дүкендері шоғырланған. Отандық киноиндустрия майталмандарының басын қосатын 7 залды кинотеатрда бос уақытыңызды қызықты өткізуге, ал Resto Center мен фуд-корттарда дәмді тамақтануға болады. Апорт Молл өзінің кеңдігімен ғана емес, Орта Азияда теңдесі жоқ "Майами" аквапаркімен де танымал. Ал кішкентай қонақтарға Funky Town мен FunkyWorld ойын-сауық саябақтары ашылған.

"Aпорт – миллиондаған адамның таңдауы. Мен серіктестерім мен өз атымнан сол таңдауды жасаған әрбір қонағымызға шексіз алғыс білдіремін. Ары қарай да біз сіздердің көңілдеріңізден шығуға барынша тырысатын боламыз. Жақында тағы бір отбасы баспаналы болады. Сол сәтті тағатсыздана күтеміз!" - деп атап өтті моллдың басқарушысы Тимур Мұхамеджанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу