"Астана" "Динамомен" тең түсті

693

"Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі ойында өз алаңында Тбилисидің "Динамосымен" кездесті.

"Астана" "Динамомен" тең түсті

Матчтың фавориті Қазақстан чемпионы болды. Елордалық команда ойын басталысымен шабуыл ұйымдастырды және бірнеше қауіпті сәттен кейін Абат Айымбетов айып алаңының сыртынан допты қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. Қазақстандық клубтың есепті еселей түскісі келді, шабуылдады. Бірақ үзіліске аз уақыт қалғанда кезде қарсылас команда бастаманы қолға алып,  Йосип Хондрич бірнеше рет шеберлік танытты. Ал Улад Омардың соққысы қақпа бағанасына тиді.

Екінші таймда "Астана" тағы да динамолықтарға қысым көрсетуге тырысты. Кезекті шабуылдардың бірінде Габриэль Сигуа бос қақпаға гол соқты. Бабаян команда футболшыларынының бірқатарын ауыстырды. Бірақ, астаналықтар табандылықпен алға шықты, Абат Айымбетов барын салғанымен, кездесу  тең аяқталды – 1:1.

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян Грузияның "Динамосымен" өткен ойынның нәтижесі туралы айтты.

"Күн өте ыстық болды. 15 минутты жақсы өткіздік – гол соқтық. 15 минутта амалсыз оәыншы ауыстыру болды. Жалпы, бірінші тайм біз үшін сәтті өтті.. Екінші таймда кейбір эпизодтарда сәтсіз ойнадық, гол жіберіп алдық. Қазір футболшылардың қалпына келуі маңызды. Кімде қандай да бір мәселе бар, кімде жарақат бар, соған қарай қарымта матчқа оңтайлы жағдайда дайындалу керек. Жанкүйерлерімізге үлкен рахмет айтқым келеді. Олар бізді қолдады, көрермендер көп келді – осындай атмосферада ойнау өте керемет болды", - деді Григорий Бабаян

Қарымта ойын 19 шілдеде Тбилисиде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу