"Астана" Хорватияда ірі есеппен жеңіліс тапты

830

"Астана" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда Загребтің "Динамосына" қарсы өткізді.

"Астана" Хорватияда ірі есеппен жеңіліс тапты

Хорватия астанасында өткен кездесу алаң иелерінің жеңісімен (4:0 есебімен) аяқталды. Бірінші таймның өзінде-ақ Хорватия чемпиондары үш гол соқты. Бруно Петкович 36-минутта отандасы Йосип Чондричті қапы қалдырды. 41-минутта Лука Иванушец екінші допты астаналықтар қақпасына бағыттады. Екі минуттан кейін Иванушец дубль жасады. Ал екінші таймда, 56-минутта Иванушец хет-трик жасады. Тек 69-минутта ғана қонақтар алғашқы қауіпті сәттерін жасады. Бұрыштамадан кейін Душан Йованчич қақпаға жойқын соққы жасады. Хорваттар шабуылдауын жалғастырды. Бірақ есеп өзгермеді – 4:0.

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ойында Загребтің "Динамосынан" жеңілгенгеннен кейін матчқа қатысты (0:4) пікір білдірді.

"Біз сапалы ойын көрсеткен тамаша команда "Динамоның" осындай нәтиже көрсететінін білдік. Біз алғашқы голдан кейін алаңдап, содан кейін бірнеше минут тағы екі гол жіберіп алдық. Жойқын соққылар көп болды. Кейбірі қақпа бағанасына тиді. Алдағы матчта бар күшімізді саламыз және жақсы матч күтемін. Футболда әрқашан ғажайыптар болуы мүмкін", - деді Бабаян.

Ойыншылар құрамы төмендегідей:

"Динамо": Ливакович, Мохаррами, Иванушец, Петкович, Батурина, Ристовски, Любичич, Мишич, Булат, Шутало, Шикич;
"Астана": Чондрич, Вороговский, Эбонг, Томасов, Оганесян, Бейсебеков, Марочкин, Урега, Томашевич, Аманович, Дарбо.

Командалар арасындағы қарымта ойын 2 тамызда Астанада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу