Атақты спринтер "Астанамен" келісімшартты ұзартты

656

Марк Кавендиш мансабын аяқтауды кейінге шегеріп, Astana Qazaqstan Team командасында қалатын болды.

Атақты спринтер "Астанамен" келісімшартты ұзартты Фото: astana-qazaqstan.com

Велоспорт тарихындағы ұлы спринтерлердің бірі, британиялық шабандоз Марк Кавендиш кәсіби мансабын аяқтауды тағы бір жылға шегеру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Марк Кавендиш пен Astana Qazaqstan Team жаңа келісімге келді. Нәтижесінде британиялық шабандоз 2024 жылдың соңына дейін қазақстандық команда сапында өнер көрсетуін жалғастырады.

"Биыл мансабымды аяқтайтынымды мәлімдеген болатынмын. Маған бұдан былай күнде таңертең тұрып жаттығуға барып, үйден ұзақ уақыт алыста болудың қажеттілігі болмайтыны, оның орнына отбасыммен көбірек уақыт өткізу идеясы ұнады. Велоспортты жақсы көремін, жарысты жақсы көремін. Дегенмен өз шешіміме риза болдым. Бірақ... Шындығында, менің "Тур де Франс" жарысында құлауым  мансабымның мен күткен соңы емес еді. Бірақ болған іс болды. Биыл Astana Qazaqstan Team командасымен бірге біз команда ретінде айтарлықтай өстік және мен мұнда өзімді бір отбасында жүргендей сезіндім. "Тур де Франста" құлағаннан кейін Александр Винокуровтың маған айтқан бірінші сөзі: "Неге тағы бір жыл өткізбеске?". Менің алғашқы реакциям: "жоқ, жоқ...". Мен шешімімді өзгертуге дайын емес едім. Себебі бұл жағдайға көндім... Сосын мен мұны отбасыммен, балаларыммен талқылап, жауап алдым: "Жалғастыру керек, бірақ бір жыл ғана...". Енді мен кәсіби шабандоз ретінде тағы бір жылға дайынмын деп ойлаймын және мансабымды Astana Qazaqstan Team сапында аяқтай алатыныма қуаныштымын. Маған бұл команда өте ұнайды. Тіпті 2024 жылдан кейін де осы жоба үшін тағы жұмыс жасасам, қуанышты болар едім. Бірақ мұның бәрі болашақтың ісі", - деді Марк Кавендиш.

"Марк үшін басты мақсат "Тур де Франс" кезеңінде жеңіске жету болғаны ешкімге құпия емес. Ал жетінші кезеңде ол өзінің тарихи рекордын жаңартуға біртабан жақын болды. Алайда, бір күннен кейін қатты құлап, шабандоздың да, команданың да барлық жоспарлары бұзылды. Нағыз чемпион өз мансабын осылай аяқтамауы керек деп есептеймін. Сондықтан мен Марктан бірнеше жылдан кейін қайта бағын сынап көрмегеніңе өкінбейсің бе деп сұрадым және өз кезегінде оған шешімін қайта қарауды, тағы бір маусымға қалып, "Тур де Франста" кезеңдегі жеңіс үшін сынға түсіп көруін ұсындым. Менің ойымша, Марктың өзі бұл туралы байыпты ойлады. Қабылданған шешімді қайта қарау оңай емес. Бірақ соңында Марк келісті және ол 2024 жылды Astana Qazaqstan Team сапында өткізеді. Егер осы маусымда Марктың командаға келуі күтпеген жағдай болса, ал келесі жылға мұқият дайындаламыз. Құрамды қайта қарастырып, спринт бағытын күшейтіп, кадрлық өзгерістер енгіземіз.

Оған Эдди Мерккспен бірдей келе жатқан рекордты жаңарту оңай болмайды. Бұл тарихи жетістік болар еді. Бірақ бізде мүмкіндік бар және біз оны пайдалануымыз керек. 2024 жылдан кейінгі жоспарларға қатысты кейбір талқылаулар жалғасуда және команда Маркпен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі. Бірақ, әрине, бірінші кезекте біздің ойымыз алдағы маусым туралы", - деді Александр Винокуров.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу