Әуе тасымалдаушылары үшін жолаушының саны қымбат

2209

Халықаралық жолаушылар ағынынан алым алу қарастырылған ААК-ның бастама еткен МЖӘ жобасына Қазақстанның әуе компаниялары қарсы шықты.

Әуе тасымалдаушылары үшін жолаушының саны қымбат

Ұлттық экономика министрлігінің сарапшылығына авиация қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобасы келіп түсті. Бұл жобадағы жеке инвестиция шамамен 5 млрд теңге. Егер ұлттық экономика министрлігі сараптама бойынша оң қорытынды жасайтын болса, онда МЖӘ-ның келісімшартын 10 жылға жасауға жол ашылады. Салынған инвестиция Қазақстанға және Қазақстаннан ұшатын халықаралық жолаушылар есебінен алынатын болады деп айтылды "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлар палатасында өткен дөңгелек үстелде.

МЖӘ шарты бойынша инвестор жүйені құруға, бағдарламалық қамтамасыз ету, сервистік қолдау, технологиялар трансфертіне қатысты міндеттемені өз мойнына алып отыр. Хостинг қызметін инвестиция және даму министрлігінің ұсынысы бойынша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ұсынатын болады.

Air Astana компаниясының вице-президенті Денис Иванов кездесу барысында аталмыш әуе тасымалдаушы жобаның қаржылық-экономикалық үлгісіне сәйкес ұсынылған МЖӘ-ны қаржыландыру жоспарына қарсы екенін жеткізді. Компанияның заң саласындағы мәселелеріне жетекшілік ететін басқа вице-президенті Айдар Қашқарбаев болса жоба бастапқыда бір сапар үшін үш доллар алым алуды қарастырғанын, ал бұл тек жалғыз Air Astana клиенттерінен бір жылда 15 млн доллар шығын деген екенін айтты.

Алымды үш доллардан екі долларға түсіру ұлттық әуе тасымалдаушы жолаушыларының шығынын 10 млн долларға дейін азайтады. Алайда шетелге тек Air Astana компаниясының клиенттері ғана ұшпайтынын ескерген жөн. Жауапты мемлекеттік органдар қазақстандықтардың әуе қауіпсіздік үшін қосымша шығынның жалпы мөлшері қанша болатынын айтпады. Бұл тек клиенттерге ғана емес, бизнеске де қатысты.

"Бұл жобаны қабылдағаннан кейін билет құны өседі, ал бұл жолаушылар ағынын, туристік ағынды тартуға көмек болмайтыны анық", – деп атап кетті Айдар Қашқарбаев.

Air Astana үшін пайдасыз жоба
Әуе компаниясы өкілінің айтуынша, алымды енгізу авиация саласындағы ұлттық және халықаралық заңнамаға қайшы келеді, сондай-ақ бұл әуе тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, айтарлықтай шығынға батыратын түрі бар.

Ол "Көлік туралы" заңның 24-бабына сәйкес тасымалдаушылардың брондап қойылған билеттері туралы өкілетті органдарға ақпарат беру қарастырылғанымен, жолаушылар туралы жеке мәлімет беру қарастырылмаған айтты.

"Әуе кеңістігін пайдалану туралы заңда ақпараттық жүйеге қызмет көрсеткені үшін авиакомпаниялардан алым алу қарастырылмаған. Әлемдік тәжірибеде тек жеті ел ғана 210 мемлекетке қатысты осындай алым енгізген. Бірақ олар алымды жолаушылар есебінен іске асырмайды", – деп атап кетті Денис Иванов.

Air Astana компаниясының даму жөніндегі менеджері Данияр Құрманалин журналистерге Аустралияда, Таиландта, БАӘ-де ақпараттық қызмет көрсеткені үшін әр жолаушыдан бір доллар мөлшерінде төлем алатынын айтты. Менеджердің айтуынша, Қазақстанда мұндай жүйені енгізу тасымалдаушылармен өзараәрекет ететін алаң болса ғана авиакомпаниялар үшін тиімді болмақ.

Мұндай жүйемен жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың Қазақстандағы тіркеу орнына рейске тіркелген адам депортациялануына байланысты ұшпауы керектігі туралы ақпаратты беру мүмкіндігі бар.

"Ұсынылған жүйе жолаушылар туралы алдын ала ұсынылатын қарапайым ақпарат болып табылады. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздік органдары ұшақта кімдердің ұшып келе жатқаны туралы мәліметті алдын ала біліп отырады, бірақ әуе компаниясы бұл ақпаратты ала алмайды. Сол себепті жағымсыз адам ұшаққа отыратын болса, онда ол бағыт бойынша ұшып келеді, содан кейін оны осы жерде күтіп алып, әуе компаниясының есебінен кері депортациялайды. Біз тағы сол шығынға батамыз", – деп түсіндірді Данияр Құрманалин.

Сондай-ақ ол Air Astana жобаны іске асыру үшін өз қызметін ұсынғаны айтты.

"Біз жүйенің қалай әзірленетіні сияқты форматтарды тегін істеп беретінімізді айттық. Яғни IT-көмек ұсындық, – деп жалғастырды ол. Олар мұндай жобаларға қатысуға (мемлекеттің) қаражаты жоқ екенін айтты", – деді ол.

Сонымен қатар авиакомпаниядағылар жобаның түпкілікті құнын жолаушыға жүктеп қою, бәсекелестіктің басымдықтарына қысым жасайтынын айтты.

"Мысалы, егер жолаушы Парижден Бейжіңге Мәскеу не Астана арқылы ұшатын болса, бізде қауіпсіздік үшін төрт доллар қосады. Бұл билет бағасында көрініп қалады. Сондықтан еуропалық жолаушыға Мәскеу арқылы ұшқан тиімді болады", – деп түйіндеді Данияр Құрманалин.

Не үшін төлейміз?
ИДМ-ның азаматтық авиация комитетінің (ААК) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік аға инспекторы Қылышбек Рожаев халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес мәліметтер базасын жасау міндетін мемлекет өз мойнына алғанын айтты.

"Біздің басқарма 2016 жылы осы жобаға (МЖӘ) бастама жасаған болатын. Байқау жарияладық. Байқауға тек бір компания ғана қатысты, осы компаниямен МЖӘ келісімшартын жасадық. Екі жыл ішінде көптеген кеңестер беріліп, ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мамандары, сондай-ақ Air Astana, Scat және басқа да әуе компаниялары өкілдері қатысты", – деп атап кетті шенеунік.

Республикалық МЖӘ жобаларына кеңес берумен шұғылданатын "Бәйтерек" ҰБХ-тың еншілес ұйымы KPPF ЖШС-ның басқарама төрағасы Әділ Өтембаев авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет осындай мәліметтер базасын жасауға тиіс екенін атап кетті.

"Жобаны іске асыру үшін бастапқы инвестиция қажет. Мемлекет ақшаны бюджетке салып, мемлекеттік сатып алулар арқылы немесе бастапқы инвестиция жеке серіктеспен жасалатын МЖӘ тетіктері арқылы іске асыруды таңдауға тиіс болды. Бұл жобада инвестиция және даму министрлігі МЖӘ-ні таңдады", – деп атап кетті Әділ Өтембаев.

Оның айтуынша, МЖӘ туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттар өткізіліп, ықтимал бәсекелестерді анықтау мақсатында баспа бетінде хабарландыру берілген. Бірақ та бұдан басқа ұсыныс түспеген.

"Заңнамаға сәйкес ИДМ қажетті комиссияны құру арқылы тікелей келіссөздерді жалғастырды. Тап қазіргі уақытта жоба ұлттық экономика министрлігінің сараптамасында жатыр. Air Astana-ға қатысты сұраққа жауап беретін болсам, бұл жоба МЖӘ-ге және Кәсіпкерлік кодекс пен Қазақстан ұйымдары каталогы принциптеріне толық сәйкес келеді", – деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ спикердің пікірінше, мәселені талқылауды бөліп қарау қажет.

"Егер әңгіме жеке әріптесті дұрыс таңдамай, компания Қазақстан ұйымдарының бәсекелесіне қарама-қайшы келетіні жайында болса, онда бұл заңнама аясында жұмыс жасап жатқан мемлекет пен жеке әріптестің өзарақатынасы".

"Ал егер Air Astana мемлекеттің, әуе компаниялары мен жолаушылардың өзара қарым-қатынасы жайлы айтатын болса, онда бұл мүлдем басқа жайт. Жобаға барлық қауіпсіздік органы оң қорытынды берді", – деп түйіндеді KPPF басшысы.

Secure Tech директоры Мәлік Бердіғалиев осы МЖӘ-ның осы жобасына бастама жасаған жеке серіктес. Оның айтуынша, екі жарым жыл бұрын компания авиация саласында телекоммуникациялық және IT қызметтерді ұсынатын ақпараттық ұйымдар нарығын зерттеген. Швецарлық SITA, америкалық IBM, француздың ТНК Idemia Identity and Security жүйелерін салыстырған. Сөйтіп ТНК Idemia Identity and Security компаниясына таңдау жасады, өйткені компания біршама жаңа шешімдер ұсынған.

"Парижде Idemia Identity and Security-мен келіссөз жүргізіп, қазақстандық-француздық консорциумды құру туралы келісімге қол қойдық. 2016 жылы МЖӘ туралы заңның 44-бабына сәйкес жобаға бастама жасадық. Консолтинг ретінде "Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы KPPF-ты тарттық. Ол кезде бұл компания "МЖӘ жобаларын сүйемілдеу орталығы" деп аталған болатын. Келісімшарт жасап, заңнамаға сәйкес тұжырымдаманы әзірлеуге кірістік", – деді инвестор abctv.kz-ке.

Қаржылық сараптама жасау барысында транзиттік әлеуетті дамыту басым бағыт екені белгілі болды, сондықтан транзиттік жолаушыларға арналған алымдарды инвестицияларды қайтарудан толық алып тастады.

"Авиакомпанияның ресейлік тасымалдаушылармен салыстырғандағы бәсекелестік құқына бұл тұрғыдан нұсқан келмейді. Бейжің – Астана –Париж – бағыты бойынша жүретін жолаушыдан алым алынбайды. Осылайша, Бейжің – Мәскеу – Париж, Бейжің – Астана – Париж бағыт бірдей бәсекелестік ортада. Алым ьек халықарылық жолаушылардан ғана алынады", – деп атап кетті Мәлік Бердіғалиев.

Халықаралық жолаушылардың саны жыл сайын шамамен 4 млн адам болады.

Сондай-ақ инвестор жобаны іске асыру үшін бюжеттен қаражат бөлінбейтінін, бұл жоба бойынша қаржылық жоспарда мемлекеттік кепіл жоқ екенін және барлық қаржылық тәуекелді инвестор өз мойнына алатынын айтып кетті. Жобадан мемлекет салық және квазимемлекеттік секторға қызмет –"Ұлттық ақпараттық технология" АҚ хостингінің қызмет түрінде табыс көреді. "Жеке серіктес хостингтің қызметі, серверлерді, коммуникацияны жалға алғаны үшін ақша төлейтін болады. Сервер мемлекеттің қарауында, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ құрылымында болады"

Жеке серіктеске жолаушылар туралы ақпарат қол жетімсіз болады. жолаушылар туралы мәліметті қандай органдар мен әуе компаниялары алатынын мемлекет шешеді. Ол үшін ұлттық оператор құрылады да, ол аталған жүйенің әкімгері болады, – деп түсіндірді спикер.

Компания мәліметі бойынша, жүйе жұмысында іркіліс туындаған жағдайда жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығынды инвестор өз мойнына алады. Егер жолаушылар ағыны төмендейтін болса, мысалы, 4 млн-нан 1 млн-ға түсетін болса, онда алымдар өспейді. Өйткені жобаға қатысты барлық тәуекелді инвестор өз мойнына алады.

Платформа Amadeus компьютерлік жүйесімен біріктірілетін болады. Жүйе авиабилеттерді брондап қоюға көмектеседі және бұл жүйе әлем әуе компанияларының тұрақты рейстеріндегі орындардың 95%-ы туралы ақпарат береді. Жүйені әртүрлі әуе компанияларының 36 мыңнан астам өкілдіктері билетті брондап қою мен сату үшін қолданады. Сонымен қатар 134 мың әуе компаниясы ресурстарды сақтау мен басқару үшін пайдаланады.

 МЖӘ жобасының экономикасы
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы 10 жылға есептелген, осы мерзім біткеннен кейін жоба мемлекеттің жүргізуіне беріледі. Егер жобаның қаншалықты өтелетінін есептейтін болсақ, онда 4 млн адамды екі долларға көбейту керек. Сонда жылына 8 млн доллар немесе 2,6 млрд теңге пайда түседі деген сөз. Ал салынған инвестиция 5 млрд теңге ғана.

Осылайша іске асатын болса, онда жоба екі жылда өзін толық ақтап шығады. Алайда консорциумдағылар жобаның өтелімділігі қаржылық-экономикалық үлгі бойынша жеті жыл деп көрсетіп отыр. Өйткені инвестор хостинг қызметін төлеу, салық, жүйе қызметін көрсету сияқты ағымдағы операциялық шығындарды көтереді.

Сонымен қатар адам билет сатып алып, ұшпай қалса, оған екі доллар қайтарыла ма деген жағдайға байланысты мәселе туындап отыр. Бұл сұраққа жауап берген Мәлік Бердіғалиев бұл компаниялардың қайтарылмайтын, айыппұлмен қайтару және қайтарылатын билет сияқты билет сату саясатына байланысты болады деп отыр: "Жоба аясында Қазақстанға ұшып келмеген немесе кетпеген адамнан ақша алайын деп отырған жоқпыз. Егер адам билетін өткізсе, онда біз ақшаны алмайтынымыз анық. Ол әуе компанияларының өз шешімдеріне байланысты болмақ".

Сөз арасында, концорциум жолаушылардан тікелей ақша алмайтынын айтып кеткен жөн. Мұны ұлттық оператор іске асырады. Ол үшін жақын арада ААК бөлініп, бірқатар қызмет түрі жаңа органға тапсырылатын болады.

Инвестор жайына тоқталып кетсек. ЖШС-ның сөзіне сенер болсақ, SecureTech Corporation 2016 жылы INTESSA компаниясы тобына кірген. Ал бұл компания қазақстандық бизнесмен Санжар Рахметжановқа тиесілі деген сөз бар.

Материалды дайындау барысында Scat және Air Astana авиа компаниялары алымды енгізгеннен кейін компаниялар қанша шығынға ұшырауы мүмкін деген сауалымызға жауап бермеді. Сондай-ақ ААҚ соңғы кезде Қазақстанға және Қазақстаннан халықаралық рейстің қанша жолаушысы қайтарылғаны туралы нақты жауап ала алмадық.

Майра Медеубаева, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу