Ауғанстан қарық қылмайды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2512

Қазақ ұнын Ауғанстанға өткізу басқа елдерге саудалаудың төмендеп кеткен көлемнің орнын толтыра алмады.

Ауғанстан қарық қылмайды

2017 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша бидай мен бидай-қарабидай ұны экспорты 478,2 мың тонна болып, жалпы сомасы 99,4 млн долларға жеткен. Мұның барлығы қазақ ұнын сатып алушы ірі импортер Ауғанстанның импортты өсіргеніне қарамастан болып отырған жайт.

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті жариялаған мәліметтерде көрсетілгендей, бұл ел 69,8 млн долларға 330 мың тонна ұн сатып алған (сапасы бойынша 9,3%-ға және сомасы бойынша 3,6%-ға). Сондай-ақ қазақ ұнын тұтынуды арттырған елдер қатарында Қытай мен Молдова бар. Қытай – 732,2 мың долларға 2,9 мың тонна, Молдова – 157 мың долларға 448 тонна ұн  алған.  Өзбекстан импортты 23,6 млн долларға, 133,7 мың тоннаға, Тәжікстан – 2,8 млн долларға, 12,8 мың тоннаға, Түркіменстан – 2,3 млн долларға, 7,4 мың тоннаға төмендеткен.

Сонымен қатар Қазақстан ұнды Моңғолияға, Грузияға, Иракқа, БАӘ-ге жеткізбей отыр.

Орталық Азия елдері өз елдерінде ұн тарту өнеркәсібін дамыту үшін импорттық ұнға акциздерді/жарнаны енгізу арқылы бидай әкелуді ынталандыруға тырысуда.

Қаңтар-наурыз айында бидай, қоспа, қарабидайды тек үш елге ғана экспортауды өсіру мүмкін болды. Олардың ішінде Швецияға 4,6 млн долларға 15,2 мың тонна, Италияға 11,5 млн долларға 46,1 мың тонна, Түркияға 2 млн долларға 9,2 мың тонна экспортталған.

Сондай-ақ қазақстандық бидайдың импортын дәстүрлі импорттаушылар да қысқартты. Олардың ішінде Өзбекстан көш бастап 39,3 млн долларға, яғни 330,9 мың тоннаға азайтты. Тәжікстан 196,5 мың тоннаға, Қытай 97,8 мың тоннаға, Ауғанстан 52,7 мың тоннаға, Иран 8,4 мың тоннаға қысқартқан.

Қазақстан бидайын импорттаушылар қатарында 2,2 млн долларға 10 мың тонна алған Тунис, 879 мың долларға 3,2 мың тонна алған Финляндия, 154,8 мың долларға 720 тонна алған Вьетнам, 81,3 мың долларға 294 тонна алған Германия бар.

Қазақстан арпасы экспорты 31,4 млн долларға 219,7 мың тоннаға дейін төмендеген. 28,1 млн долларға 195,5 мың тонна арпа алған Иран, 1,4 млн долларға 11,6 мың тонна алған Өзбекстан, 1,4 млн долларға 9,3 мың тонна алған АҚШ,380,7 мың долларға 2,6 мың тонна арпа алған Ауғанстан  Қазақстан арпасын импорттаушылар қатарын көбейтті.

Украина қазақ күрішін алуда

Қазақстан күрішін негізгі  сатып алушылар Тәжікстан, Украина. Тәжікстан 1,5 млн долларға 5,2 мың тонна сатып алса, Украина 389,4 мың долларға 2,4 мың тонна күріш сатып алған. Сонымен қатар Ауғанстанға 621 тонна, Түркіменстанға 392 тонна, Моңғолияға 78,5 тонна күріш жеткізген. Барлығы 2,4 млн долларға 8,7 мың тонна күріш экспортталған.

Сонымен бірге ет экспортында да біршама өзгеріс бар. Қазақстан 180 мың долларға 34,7 тонна етті БАӘ-ге жеткізген. 2016 жылы Қазақстан БАӘ-ге ет жеткізген емес.

Ал басқа елдерге жеткізілген ет көлемі аз. Тәжікстанға 38 тонна, Иранға 78 мың долларға 14,4 тонна ет тасымалданған.  

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу