Ауыл шаруашылығы мен құрылыс экономиканы алға тартуда

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3584

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының экономикасы кері кетті. 

Ауыл шаруашылығы мен құрылыс экономиканы алға тартуда

2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде екі ай бойы төмендеген қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,8% құрады. 

"Әлемдік мұнай бағасының оң серпіні аясында болған өнеркәсіп секторындағы өндіріс көлемінің артуы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы пен МӨЗ жаңғырту есебінен құрылыс секторындағы көлемдердің артуы және өнеркәсіптік өсудің нәтижесіндегі сауда көлемінің артуы көрсеткіштің шапшаңдатуына себеп болды", - деп хабарлайды Ұлттық банк. 

Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы өндірісінің төмендеуі және көлік пен байланыс қызметтерінің баяулауы саланың одан әрі өсуге кедергі келтіретін факторлардың бірі болды. 
Инвестициялық белсенділік жоғары деңгейде қалуда. Сонымен қатар, нақты жалақының өсуі және инфляциялық үдерістердің баяулауы нәтижесінде халықтың нақты ақшалай табыстарының өсуі байқалады.

Аймақтық деңгейі бойынша қысқамерзімді экономикалық индикатордың (ҚЭИ) максималды мәні әлі де Атырау облысында байқалады. 

Мұнай мен мұнай өнімдеріне жоғары әлемдік бағалардың аясында аймақтағы көрсеткіштің өсуі шикі мұнайды өндіру көлемінің және оның көтерме сауданың өсуімен байланысты. 
Бұдан басқа, облыстың басқа секторларында оң өсу қарқыны байқалды: көлік, ауыл шаруашылығы және құрылыс. 2018 жылдың шілдесінен бастап байланыс қызметтерінің көлемінің төмендеуі аймақтың дамуына кері әсерін тигізді. 

ҚЭИ-дың төмендеуі Астана қаласында, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Астанадағы ҚЭИ-дың төмендеуі сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығындағы төмендеуімен түсіндіріледі. 

Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ҚЭИ-дыың төмендеуі негізінен өндірістің, атап айтқанда, газ конденсатын өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты. 

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,8% -ға артты. Республиканың 14 өңірінде өсім байқалды. 

Тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 4,9%-ды құрды. Тау-кен өнеркәсібінің өсуіне оң үлесін Қашаған мен Теңіз кен орындарында шикі мұнайды (5,3%-ға) және табиғи газды (5,7%), сондай-ақ металл кендерін (3,7%) және темір рудасын ( 7,5%), түсті металдарды (2,9%) өндіру оң үлесін тигізді. 

Өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс байқалды, саланың өсуі 5,1% құрды. Өсуіне металлургия өнеркәсібі (өсім 4,2%-ға), азық-түлік өндірісі (3,3%), машина жасау (14,5%) және кокс және мұнай өнімдерін (7,2%) өндіруі әсерін тигізді. Тежегіш әсерін өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру (- 2,5%) көрсетеді.
Көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымы оң динамикасы сақталды, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өсім 8,9% құрды. Өнеркәсіптің өсуіне оң әсерін теміржол, автомобиль және мұнай құбырлары (мұнай және газ) көліктерінің қызметтері қамтамасыз етті. 

Құрылыс саласы шілде және тамыздағы төмендеуден кейін күрт өсіп, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өсім 4,4% құрды. Құрылыс жұмыстарының ең үлкен көлемі елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту (автомобиль жолдарын, жолдарды, теміржолдарды, көпірлер мен тоннельдерді салу) бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, өндірістік объектілер мен инженерлік құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыстардың айтарлықтай көлемі жүргізілді. Шымкент қаласындағы құрылыс жұмыстарының көлемінің максималды ұлғаюы байқалды (өсім 93,1%-ға), бұл өсім Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құрудың аяқталуымен байланысты. Төмендеу Астана, Қызылорда және Ақмола облыстарында байқалды. 

Ауыл шаруашылығыда біртіндеп бәсеңдеуі байқалады, қаңтар-қыркүйек айларында 2,0%-ға артты. Өнеркәсіптегі баяулауы өсімдік шаруашылығының баяулауына байланысты. Өнеркәсіптің өсуіне мал шаруашылығы оң үлесін қосты, бұл малдың және құстың тірі салмақта сойылу және де сиыр сүті мен тауық жұмыртқасының көлемінің ұлғайуына байланысты. Нақты ақшалай табыстың өсуіне және тұтынушылық сұраныстың артуына байланысты тауарлар мен қызметтердің көлемінің артуы 6,7%-ға өсті. Осылайша, бөлшек тауар айналымының өсуі 7%-ға, көтерме сауда айналымы 6,4%-ға өсті. 

Байланыс саласы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,9%-ға бәсеңдетуді жалғастырды. Интернет, сондай-ақ ұялы байланыс қызметтері байланыс қызметтерінің ең танымал түрлері болып қала береді.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу